Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения


«с.сейфуллин атынДағы Қату» кеаҚ клиникасынДағы



Pdf көрінісі
бет130/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

«с.сейфуллин атынДағы Қату» кеаҚ клиникасынДағы 
Үй ҚоянДаРынның ЖағДайы
Д.М.Кайыржанова 1-курс магистранты,
Сетерхан Нурбол 5-курс студенті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ. 
Үй қояндарының биологиялық ерекшеліктеріне тез жетілгіштігі, өсімталдығы,
буаздығының қысқа мерзімі , т.б. жатады. Тез жетілгіштігі. Үй қояндарының жыныс
мүшелері 4-5 айлығында жетіледі. Ет бағытындағы үй қояндары (бройлер) үш жарым
айлығында 2,8 кг салмақ тартады. Үй қояндары басқа қолда өсірілетін хайуанаттармен 
салыстырғанда әлдеқайда өсімтал. Ересек ұрғашы қоян әр туғанда 6-9-ға дейін, кейде
14 көжекке дейін, кейде 14 көжекке дейін береді. Бір туғанда 21 көжектеген жағдайда
болған. Дегенмен бұндай көрсеткіштерге ие болуға азықтандыруымен гигенасы тікелей 
байланысты.
Біз әдебиет көздеріне сүйене отырып пайдаланатын азықтарды бірнеше негізгі
топтарға бөлдік: балауса азық-көк шөп, ағаш бұталары; шырынды азықтар-тамыр және 
түйнекті жемістер, капуста, сүрлем; ірі азықтар – пішен, құрғақ бұтақтар, пішендеме, 
құнарлы азықтар, астық дәндері, бұршақтар, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, құрама
азықтар; жануарлардан алынатын азықтар – сүт, қаймағы алынған сүт, жұлдыз құртының 
қуыршағы, балық майы, ет-сүйек және балық ұны, минералдық азықтан – ас тұзы, сүйек
ұны, бор; витаминнен балық майы, құнарланған витаминдер жатады [1,2,3].
Дәнді азықта қоректік заттардың жиынтығы мол болады, сондықтан да оларды
құнарландырған азық деп атаймыз. Құнарландырылған азықтың құрамында 70-80% 
сұлы, арпа, бидай және жүгері енеді.
Қатты дәндер – бұршақты, жүгеріні азықтандыру алдында 2-3 сағат бұрын суға са-
лып жібітіп қойып жүрдік. 
Үй қояндарының ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында бұл 
жануарлардың биологиялық ерекшелігін, әсіресе олардың ауа ортасының сапасына 
сезімталдығын, сескенгіштігін және түнгі уақыттағы белсенділігін ескеру қажет.
Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл 
жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет өніміне әсерін тигізеді [1,3,4,5]. 
Қазіргі кезде қояндарды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және 
микроклиматы қолдан жасалатын жабық қоралар.
Қояндар тұрған орынды суреттеу. Қояндардың торлары тақтайдан жасалаған. Тордың 
ұзындығы орта есеппен 130 см, ені 75 см, алдыңғы қабырғасының биіктігі 60см, артқы 
60 см). Едені 5 см тақтайлардан тұтас шегенген. Тордағы тазалықты сақтау үшін металл 
тордан жасалған едендер ыңғайластырылған. Алдыңғы қабырғаның ортасында ені 30-40 
см және биіктігі 56-60 см торлы есік, ал есіктің оң жағында— ені 34 см бөбекжай, сол 
жағында-ұяшық бөлімшесі бар. Жалпы тазалығы қанағаттанарлықтай.
Қояндар жақсы көбею үшін дұрыс күтім жасау керектігі ертеден мәлім. Оларға 
тәжірибеде жақсы көңіл бөлдік. Уақыттылы анқталмаған аналықтар нашар 
ұрықтандырылады, қоян аз әкеледі және аз сүтті болады және нашар сұрыпталған ер-
кек аналықтарын қанағаттанғысыз ұрықтандырады. Сол себепті біз жоспарға сай ерке-
терге шағылыстыруға 15-20 күн қалғанда рационын ынталандардық, яғни оған әртүрлі 
шөптерден, бұршақтан жақсы жиналған шөп, ал жазда жас шөп, сұлы, кебек, күнжара, 
ет-сүйек (5-10 г) немесе балық ұнын (5 г) енгіздік. Ұрғашыларға шағылыстыруға дейін 
15 күн бұрын шөп немесе құнарлы жем беруді арттырдық.
Қоянның әрбір тобында жынысы, жасы, қоңдылығы және салмағына сай 
орналастырдық. Суық кезде клеткалар құрғақ сабанмен төсеніш жасадық, ал жазда 
қояндарды тордың жылы соққысынан қорғау үшін және ашық күркешікте күн сәулесінен 


286
көлеңкеленеді. Клеткалар, астаулар мен суарғыштар күн сайын тазартылып отырды, 
төсенішті әр бес күн сайын ауыстырады.
Тәжірибедегі 3 айлықтарды 2-3 бастан торға, ал семіртуге қалдырылатын табын-
ды бір — бірден отырғызады. Ұрықтануға әзірленген жас аналықтар мен еркектерді 
азықтандыруды баланыста ұстадық. Жас аналықтарды шағылыстыруға 4-5 айлық, ал 
еркектерді-6-7 айлық жаста жібердік. Сумен шектеусіз қамтамсыз етілді.
Ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында бұл жануарлардың 
биологиялық ерекшелігін, әсіресе олардың ауа ортасының сапасына сезімталдығын, 
сескенгіштігін және түнгі уақыттағы белсенділігін ескеру қажеттілігі туындайды.
Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл 
жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет өніміне әсерін тигізеді, бұндай 
шешім бірқатар қаламгерлердің пікірлерімен сай келеді[1,4,6,7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет