Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет128/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Maringgal, B., Hashim, N., Mohamed Amin Tawakkal, I.S., Muda Mohamed, M.T. 
Recent advance in edible coating and its effect on fresh/fresh-cut fruits quality. //Trends in Food 
Science and Technology/. – 2020. -96. - p. 253-267.
2. Ларина Е.В. Исследования по определению содержания нитратов в
экзотических фруктах, ягодах и овощах / Ларина Е.В. // «Практик»,- 2006 ж.-№5, Б.-
27-31.
Ғылыми жетекші аға оқытушы, в.ғ.к С.С. Есенеева
«с.сейфуллин атынДағы Қату» кеаҚ клиникасынДа
 ӨсіРілетін Үй ҚоянДаРына пРобиотикті ҚолДану
Д.М.Кайыржанова 1 - курс магистранты,
Б.С. Асанов 5 - курс студенті
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ. 
Жұмыстың өзектілігі.
Пробиотиктер, ағылшын тілінде Probiotics-тірі микроорга-
низмдер деген түсінік береді. Басқаша айтқанда бұл терапевтік мақсатта пайдаланыла-
тын микроорганизмдер, сондай-ақ тірі микромәдениеттері бар тағамдық өнімдер мен 
биологиялық белсенді қоспалар[1,2].
Пробиотиктер басқа микроорганизмдердің өсуін ынталандыратын микробтық фак-
торлар ретінде анықталды. Рой Фуллер қазір қолданылатын п робиотиктерді анықтауды 
ұсынды:»Тірі микробтық жемдік қоспа, ол жануарға жақсы әсер етеді, оның ішекті 
микробтық балансын жақсарта түседі «[3].
Қоян шаруашылығында пробиотиктерді қолданудың өзектілігі олардың ағзаға 


283
зиянсыздығы: жануардың және өнімнің соңғы тұтынушыларының денсаулығы үшін 
қандай да бір жанама әсерлері байқалмайды. Жануарлардың тіршілік әрекеті барысын-
да пробиотиктер олардың ағзасынан толығымен шығарылады. Зерттеулер жүргізілді- 
осы салада пробиотиктер иммундық тапшылық себептеріне қарамастан, жануардың 
иммундық статусына жақсы әсерін көрсеткен.[4].Пробиотиктер шаруашылқта кеңінен 
қолданылатыны және ішектің бөгде заттармен ластануын төмендететінін дәлелденген. 
Құс пен жануарлардың өнімділігі 10-20%- ға артады [5. 6, 7.8]. Сонымен қатар, қоянды 
азықтандыруда пробиотикалық препараттарды пайдаланудың кейбір сұрақтары әліді 
жеткіліксіз зерттелгенін тәрізді және олардың өнімділікке, сондай-ақ алынатын еттің 
сапалық көрсеткіштеріне әсерін қосымша зерттеуді талап ететінін атап өткен жөн .
Жүргізілген зерттеулердің мақсаты
- ЕАЭО нарығындағы OLIN препараты 
пробиотиктерінің «Советтік шиншила» тұқымды қояндардың өсуі мен дамуына әсерін 
анықтау.
Зерттеу нысанасы, материалдары және әдістері.
Эксперменттік жұмыс С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ «Ветеринариялық санитария» 
кафедрасында орындалды және «Советтік шиншила» тұқымды қояндарды өсіру жүйесін 
әзірлеумен байланысты OLIN пробиотикалық препаратты қолдану .
Ғылыми тәжірибелік зерттеулер ҚР АШМ «Ветеринариядағы зертханалық диагно-
стика және әдіснама референсациясының ұлттық мониторинг орталығы» мемлекеттік 
мекемесінде» жүргізілді.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
-жануарлардың өнімділік қабілетін жоғарлату үшін шаруашылық рациондар құрамына
OLIN пробиотикалық препараттын пайдалануды ұсыну;
- қояндардың өсу және даму динамикасы зерттелді.
Қояндар 80, 90 ( 3 айлықтар) жасқа жеткен кезде тірі массаның өзгеруін бағаладық, 
100 және 120 тәулікте (4 айлықтар) «ВАГАР VW-LN-20» электронды таразыда жеке 
өлшеу көмегімен атқарылды. Нәтижесінде120 тәуліктік қоянның ет өнімділігін сою 
арқылы анықтадық.
Әрбір топтан орташа тірі салмағы бар 3 бас(терісіз, ішкі мүшесіз, басы мен табанда-
ры жоқ ұшаның салмағы) және сойылған массаның шығуы бойынша бағаладық.
Зерттеу нысаны
болып факультет клиникасындағы жасы 40 тәуліктік «Советтік шин-
шила» тұқымды қояндар таңдалды. Қояндар ұқсас принципі бойынша 7 бастан 2 топқа 
құрылған. Топтар тірі салмағын, жасы мен жынысын есепке ала отырып құрылды.
OLIN – асқазан-ішек ауруларының алдын алу үшін пробиотикалық азықтық қоспа, 
дисбактериоздар және ішек инфекциялары кезінде қояндарды емдеу, ағзаның табиғи 
резистенттілігін арттыру, жануарлардың сақталуын арттыру, сүт өнімділігін арттыру, 
төлдің өсуі мен дамуын ынталандыру және стресстік реакциялардың алдын алу (вак-
цинациялау, тасымалдау, қайта топтастыру, рационды ауыстыру және т. б. ) кездерінде 
кеңінен қолданылады.
OLIN –
мөлшері және қолдану тәсілі.
Ең алдымен OLIN суда ерітіп оны алынған ерітіндімен құтыда ауыз суға қостық. Күн 
сайын емдік мақсатта – күніне 2 рет 2 г-нан қосып отырдық.
4 айлық жасында малдардың ет өнімділігін сою арқылы анықтады
Әр топтан орташа тірі салмағы бар 3 бас (салмағы және сойылған массаның шығуы).
Негізгі рацион ретінде келесі құрамдағы түйіршіктелген құрама жем қолданылды:
- шөп ұны-30%; 
- сұлы ұнтағы – 20%; 
- арпа ұнтағы -20%; 
- бидай кебегі-15%; 
- күнбағыс шротты-13%; 
- ас тұзы-0,5%; 


284
- ет- сүйек ұны-1,5%.
Алынған нәтижелер. 
Тәжірибе жүргізу кезінде әр топтағы орташа тәуліктік өсім 
көрсеткіші ескеріліп отырды. Бүкіл азықтық пен қоректік заттарды - 1 басқа тұтыну 
тәжірибеде барлық топтағы қояндармен шамамен бір деңгейде болды. OLIN препараттын 
пайдаланудағы нәтижелер бақылау тобымен салыстырғанда тәжірибедегі қояндардың 
(тірі салмағы 3110 г құрады) яғни 304,07 г артық 10% өсуіне ықпал етті.
Орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіші, ол тәжірибелік топта 25,7 г құрады , бұл 
3,1 г, немесе 13,2%, жоғары. Тәжірибелік және бақылау тобының қоян етінен әзірленген 
сорпаны 7,8 және 6,3 балл деп бағаладық. Сонымен қатар, тәжірибелі топтағы қоян 
етінен сорпаның анағұрлым түссіз, жағымды табиғи иісі бар. Ақуыздың ең көп мөлшері 
2-ші топтағы қоян етінде белгіленген (тәжірибелік). Тәжірибелік топтағы қоян етінің 
химиялық құрамына жүргізілген бағалау бұлшық еттінінің ақуызының 17,80- дан 
19,06г/100 г-ға дейін артуы анықталды, кальций-0,163- тен 0,181 г / 100 г-ға дейін және 
май мөлшерінің 7,71- ден 6,21 г/100 г-ға дейін азаюы бақылау тобымен салыстырғанда, 
бұл жоғары диеталық ет қасиеттеріне тән деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет