5
2018-2019 жж. зерттеліп отырған жаздық бидайдың сорттары көктеу фазасынан
масақтану фазасына дейін 50-52 күнді құрап, баяу дамуымен сипатталады. Бірақ одан
әрі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің аздығына және ауаның жоғары температу-
расына байланысты вегетацияның екінші жартысында жаздық бидайдың фенологиялық
фазалары жылдам өтті. Асыл Сапа сортының пісу кезеңі Тәуелсіздік 20 сортымен
салыстырғанда 3 күн бұрын басталған және вегетациялық кезеңнің ұзақтығы есепті
жылы сорттар бойынша 89-дан 92 күнге дейін жетті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда
7-11-ге қысқарды (кесте 1).
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жылдың климаттық жағдайлары,
егістіктің ылғалмен қамтамасыз етілуі, топырақтың минералды қоректену деңгейі
арасындағы өзара байланыстың арқасында қалыптасады.
Жазғы кезеңнің ауа-райының қиын жағдайларына қарамастан, есепті жылы жаздық
бидайдың сорттары өнімнің орташа деңгейін қалыптастырды. Тәуелсіздік 20 сортының
өнімділігі 14,9 ц/га құрады, бұл Асыл Сапа сортынан 2,9 ц/га артық болды (2 - кесте).
2-кесте – Жаздық бидайдың өнімділігі мен сапалық көрсеткіштері, 2018-2019 жж.
Сорт
1000
тұқымның
салмағы, гр.
Дәннің
көлемдік
салмағы, г/л
Дән уызы
(клейковина),
%
Өнімділік,
ц/га
Бақылаудан
ауытқуы
± ц/га
2018 2019 2018 2019 2018 2019 2018 2019 2018 2019
Тәуелсіздік 20
39,2
38,0
797
779
23,0
23,5
16,6
14,9
+4,5
+2,9
Асыл Сапа
34,3 33,1
763
758
24,3
25,9 12,1 12,0
-
-
Орташа көпжылдық нормамен салыстырғанда 1,5-1,9 0С асатын температуралық ре-
жим бойынша 2019 жылғы ауа райы жаздық бидай астығының сапалық көрсеткіштеріне
оң әсер етті. Селекциялық тұрғыдан алғанда 1000 дәннің салмағы, орта жағдайының
әсерінен өзгерісі төмен және ол өнімділікке іріктеу кезінде сенімді индикаторлық
көрсеткіш болып табылады [6].
Тәуелсіздік 20 сортының 1000 тұқымның салмағы 38,0 г, көлемдік салмағы 779 г/л,
бірақ шикі дән уызы құрамы бойынша Асыл Сапа сорты 2,4%- ға жоғары болып, 25,9 %
- ды құрады (2- кесте).
Достарыңызбен бөлісу: