Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет7/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список использованныхлитературы
1. Белик В.Ф. «Методика опытного дела в овощеводстве и бахчеводстве» Москва ВО 
«АГРОПРОМИЗДАТ». -1992. - С. 64-228.
2. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М.: «Колос». -1980. - С.169-184.
3. Jahn et al. 2002. McCreight 2006. Pitrat et al. 1998. Шишков 2000.
4. Jahn et al. 2002. Hollomon et al. 2002.
ЖоңышҚаның ҚҰРғаҚшылыҚҚа Жəне топыРаҚтың
оРташа соРтаңДануына тӨзімДі соРттаРы мен ҮлгілеРін іРіктеу
Қостақ Олжас, кіші ғылыми қызметкер, магистр, 
С. П. Махмаджанов, ауыл шаруашылығы даңылдары сорттарын трансферттеу және 
бейімдей бөлімінің меңгерушісі, а.ш.ғ.к.
«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атакент кенті
Жоңышқа өсіру – өсімдік тектес малазықтық ақуыз өндірісін арттырудың маңызды 
жолдарының бірі. Көк шөбі мен шөп ұнының құрамындағы қорытылатын проте-
ин мөлшері бойынша жоңышқа құнарлы азықттар қатарына кіреді. Ақуызынан басқа 
жоңышқа шөбінде және одан дайындалатын мал азығында малдар мен құстардың 
барлық түріне қажетті қорытылатын көмірсулар, майлар, дәрумендер мен микроэлемент-
тер бар. Дәстүрлі әдістер мен іріктеулер жеке гендермен емес, кешенді полигендермен 
бақыланатын сандық белгілер жөнінен өзінің маңызын әлі жоғалтқан жоқ және бүгінгі 
таңда бұл әдістер өзге әдістердің ішінде жетекші орынды иелейді. Қолда бар селекциялық 
материалдар негізінде жоңышқаның бағалы шаруашылық-биологиялық белгілері бойын-
ша донор тасымалдаушыларына ие жаңа селекциялық үлгілер мен ұяларын шығаруға 
болады. Нәтижеде осы зерттеулер аясында сорға және құрғақшылыққа төзімді, өнімділік 
әлеуеті және белгілер көрсеткіштері жоғары жоңышқа сорттарын шығара аламыз. 
Азықтық өнім өндірісін арттыру жоңышқаның өнімділігі едәуір жоғары әрі жетілген 
сорттарын шығару есебінен мүмкін болады. Әрбір топырақ-климаттық аймаққа түрлі 
жағдайларға бейімделген бір-бірін толықтыратын алуан түрлі сорттар жиынтығы қажет. 
Осы заманғы ауыл шаруашылығы жемшөп дақылдарының жаңа сорттарына жоғары та-
лаптар қояды. Жаңа сорттардың өнімділігі мен азықтық сапасы жоғары, көпорымды, 
суғаруды, органикалық және минералды тыңайтқыш енгізуге бейім, аурулар мен зиянке-
стерге төзімді болуы керек. Жоңышқа сортаңданған топырақтың құрамын жақсартушы 
қасиетке ие дақыл ретінде маңызы орасан.
Жоңышқаның көпжылдық қызметі: ылғалды стреске тұрақтылық, профильдің 
тереңінен ылғал алу қабілеті, климатқа бейімделу; топырақтың қасйеттерін жақсарту, 
жыл бойы жоғары қоректік азық өндіру қабілеті, сондай-ақ оның беріктігі жоңышқаға
Жер шарының барлық қалыпты және субтропикалық климатында «Жем патшайымы» 
атағына лайық. Өзінің өзденістерінде Joseph G. Boonman жоңышқа-әлемдегі ең ескі азық 


13
деп атап көрсетеді [1].
Жобаның мақсаты – Жоңышқаның жоғары өнімді, көпорымды Қазақстанның 
оңтүстігінің орташа сортаңданған жағдайына бейімделген сорттарын шығару және 
олардың үлгілерін іріктеу. 
Өзектілігі: Бүгінде облысымызда бар, Қазақстанның оңтүстігінің суармалы 
жерлерінде қолданылып жүрген жоңышқа сорттары қажетті азықтық өнім көлемімен 
қамтамасыз ете алмайды. Бүгінгі таңда ауыспалы егістің енгізілу деңгейінің төмен 
болуының, ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру мәселесінің, мақта шаруашылығын 
әртараптандыру қарқыны төмен болуының басты себебі – суармалы жоғары өнімді 
жоңышқа тұқымдарының болмауы.
Оңтүстіктің суармалы аудандары топырақ, климаттық жағдайлар кешенінің 
әртүрлілігімен ерекшеленеді және әрбір жекелеген топырақ-климаттық аймақта 
жергілікті жоңышқа түрлері өсіріп бапталады. Әртүрлі аудандардан алып келінген 
жоңышқа тұқымдарын салыстырмалы сынақтан өткізгенде, олардың өнімділіктерінде 
айтарлықтай айырмашылық болғаны анықталды. 
Сондықтан аймақтағы мал шаруашылығын дамыту үшін жемшөп қорын жинақтауды 
арттыру мақсатында суармалы жоңышқаның отандық бәсекеге қабілетті жаңа сорт-
тарын шығару және мақта-жоңышқа ауыспалы егісінде пайдалану міндеті тұр, бұл 
Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймағы үшін өзекті болып табылады. 
Қазақстанның оңтүстігінің суармалы аймағы жағдайында көпорымды жоңышқаға 
деген сұраныстың артуы генетиктер мен селекционерлердің алдына салмақты міндет 
жүктейді – өнімділігі мен жапырақтылығы жоғары, құрғақшылыққа және топырақтың 
орташа сортаңдануына төзімді сорттары бойынша селекциялық жұмыстарда бастапқы 
материал ретінде пайдаланылатын жоңышқаның едәуір жоғары өнімді, жаңа сортта-
рын шығару жолдарын табу. Республикамыздағы шитті мақта және мал шаруашылығы 
өнімдер өндірісінің артуы топырақтың құнарлылығының артуымен және толыққанды 
жемшөп қорын қалыптастырумен тығыз байланысты. Өнімділігі мен жапырақтылығы 
жоғары, құрғақшылыққа және топырақтың орташа сортаңдануына төзімді жаңа сорттар 
шығару бойынша селекциялық жұмыстарда бастапқы материал ретінде пайдаланылатын 
жоңышқаның едәуір жоғары өнімді, жаңа сорттарын шығару жолдарын табу мақсатында 
Красноводопад ауылшаруашылығы тәжірибе станциясымен, «Қазақ мал шаруашылығы 
және жемшөп өндірісі ҒЗИ» ЖШС және басқа да жақын шет елдің ғылыми мекемелерімен 
тығыз байланыс орнатылды.
Жоңышқа құрамында ақуыз мөлшері жоғары, дәрумендерге бай құнды жемшөп 
дақылы. Оны шанақтау кезеңінде құрғақ шөп үшін жинап алғанда шөп құрамындағы 
протеин мөлшері 21-22%, ал гүлдеу кезеңінде жинағанда - 16-17% болады. Құрғақ шөп 
құрамында 1,5% шамасында кальций, 0,24% фосфор, 0,18% күкірт, ал1 кг-ында 0,5 азық 
өлшемі бар. Жоңышқаның құрғақ шөбі құрамындағы қорытылатын ақуыз мөлшері бой-
ынша бидай кебегіне жақын. Үшінші өсу жылының соңында ол топырақтың аударыла-
тын үстіңгі қабатында 10-15 тонна тамыр жүйесін жинақтайды, бұл топырақ қабатында 
қарашірінді мөлшерін 0,4-0,5%-ға арттырады, бұл топырақтың әр гектарына 25-30 тонна 
шірінді көң енгізгенмен бірдей болады. Жоңышқа – топырақтың физикалық қасиеттерін 
- құрылымын, көлемдік салмағын, су өткізгіштігін ж.т.б. күрт жақсартатын мықты фак-
тор. Алқапта жоңышқа егілген жағдайда ол топырақтың қайта сортаңдануының алдын 
алады, мақта қозасының солма ауруына шалдығуын төмендетеді және шитті мақта 
өнімінің айтарлықтай артуына ықпал етеді. Суармалы жерлерде топырақтың қалыпты 
ылғалдылығында, фосфор тыңайтқыштарының қажетті мөлшері енгізілген жағдайда, 
сондай-ақ өнімнің уақтылы жиналған жағдайында жоңышқа жоғары өнім береді.
«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ҒЗЖ-ң тематикалық 
жоспарына сәйкес бөлім 2018 есептік жылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Селекциялық питомникте – 33 үлгі алынды


14
Шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша зерттелген ағымдағы 2018 жылғы 
селекциялық питомниктегі 33 үлгінің (1-кесте) көрсеткіштері стандарт Ташкент-1 сорты-
мен салыстырғанда төмендегіше болды. Тәжірибеде жоңышқагың өсуі мен дамуының 
барлық есептеулері мен бақылаулары М. А. Бурнашевтің «Мемлекеттік сорттық сынақтағы 
жоңышқа селекциясы және тұқымшылығы мәселелері» 1977 ж. [2] әдістемелігі негізінде 
жүргізілді. 
1-кесте – Селекциялық питомниктегі шаруашылық-биологиялық көрсеткіштер, 2018 
жыл
Үлгі 

Жиілігі, 
дана/м2
Сабақтары-
-ның саны, 
дана/м2
Жапы-
рақты-
лығы, 
%
Орымнан 
алдыңғы 
сабағы-
ның 
биіктігі, 2 
орымда 
орт., см
Орымдар 
аралығын-дағы 
мерзім, күн
Өнімділік, 
ц/га
1-ші 
орым
2-ші 
орым
көк 
шөп, 

орымда
құрғақ 
шөп,
2 орым-
да
Ташкент-1-St. 59
177
54
119
309
88,3
М-2415
63
189
60
121
321
91,7
М-2416
56
168
56
121
290
72,5
М-2417
62
186
59
117
329
94,0
М-2418
60
180
52
107
301
86,0
М-2419
57
171
51
120
316
90,3
М-2420
59
177
54
122
302
86,3
М-2421
61
183
53
118
308
88,0
М-2422
57
171
54
100
296
84,6
М-2423
57
173
55
105
291
83,3
М-2424
56
169
53
116
304
86,9
М-2425
62
187
54
119
298
85,1
М-2426
58
174
56
120
312
89,1
М-2427
63
188
57
122
299
85,4
М-2428
66
198
53
121
316
90,3
М-2429
61
185
58
115
319
91,1
М-2430
57
175
52
107
321
91,7
М-2431
55
161
53
112
324
92,6
М-2432
57
172
55
108
322
92,0
М-2433
56
167
56
115
314
89,7
М-2434
58
172
53
124
312
89,1
М-2435
63
189
58
125
321
91,7
М-2436
60
183
53
109
316
90,3
М-2437
64
192
56
125
323
92,3
М-2438
63
190
56
121
320
91,4
М-2439
55
166
54
108
230
65,7
М-2440
62
185
56
110
294
84,0
М-2441
65
194
56
119
315
90,0
М-2442
63
187
58
116
309
88,3
65-ші күні ӨЖЖ
1 орымнан к
ейін 56 күні


15
М-2443
64
192
53
122
306
87,4
М-2444
61
181
52
124
290
82,9
М-2445
63
183
54
126
326
93,1
М-2446
62
189
55
120
329
94,0
Е=3,1 ц/га; Р=3,5 %; М= 87,9 ц/га; ЕТЕА0,05 = 2,0
Көптеген үлгілер жоғары өнімділігін сақтап қалды. Стандарт сортының көк шөп 
өнімділігі 309 ц/га, құрғақ шөп өнімділігі 88,3 ц/га (2 орым бойынша орташа) болғанда, 
20 үлгінің көрсеткіштері сәйкесінше 312,0-329,0 ц/га және 89,1-94,0 ц/га құрады. 
Өнімділік көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген 6 үлгі ерекшеленді, 
олар: М-2417, М-2431, М-2432, М-2437, М-2445 және М-2446 сорттық үлгілері, көк шөп 
өнімі бойынша 322-329 ц/га және құрғақ шөп өнімі 92,0-94,0 ц/га құрап, стандарт сорты-
нан, сәйкесінше, 13,0 -20,0 ц/га және 3,7-5,7 ц/га жоғары нәтиже көрсетті.
Қорытынды. Зерттелген үлгілерден шаруашылық-бағалы белгілері және 
құрғақшылыққа және топырақтың сортаңдануына төзімді сорттарын бойынша жоғары 
көрсеткішке ие болып ерекшеленген (екі орым бойынша) конкурстық питомниктегі 
үлгілер: М-2404, М-2405, М-2448, М-2449, М-2451, М-2452, М-2453, М-2454 және 
Көксарай, олар стандарт Ташкент-1 сортынан көк шөп өнімі бойынша 4,0-17,0 ц/га және 
құрғақ шөп өнімі бойынша 12,4-16,1 ц/га басым түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет