Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет62/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Пинский Д.Л. Закономерности сорбции цинка и кадмия почвами и почвенными 
компонентами // Цинк и кадмий в окружающей среде. – М.: Наука, 2012. –С. 106-118.
2. Алексеев Ю.В. Тяжелые металлы в почвах и растениях. – Л.: Агропромиздат, 
2014.– 142 с
3. https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/predstaviteli-musornogo-poligona-astane-
otvetili-322355/
4. Эко-полигон Астаны: Что делают со столичным мусором? https://the-steppe.com/
gorod/eko-poligon-astany-chto-delayut-so-stolichnym-musorom
5. Об утверждении санитарных правил и норм «Санитарно-эпидемиологические тре-
бования». https://tengrinews.kz/zakon/pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer_ministr_rk/
zdravoohranenie/id-V030002478_/
6. Новиков А.А. Равновесное состояние азота в системе почва-растениев г.Астана 
//– 2017. - № 4 (8). – С. 124-127
7. 7. На мусорном полигоне в Астане накопилось 3 млн тонн отходов, - ТОО 
«Kazrecycleservice». https://astanatv.kz/ru/news/45033/
8. ГКП НА ПХВ «АСТАНА ЭКО ПОЛИГОН НС» https://ecoservice.kz/projects/
astana_eco_poligon_ns/
9. Campbell P.G.C., Stokes P.M., Galloway J.N. The effect of atmospheric deposition on the 
geochemical cycline and biological availability of metals // Heavy metals in the environmentof 
Kazakhstan, capital city Astana 2: Heidelberg international conference. – Edinburgh. 2010. – P. 
760.
10. Химияғылымдарының кандидаты, доцент Сельдюгаев Олег Борисович. Студент 
инженерлік жобалау бюросы. https://www.ksu.kz/index.php?r=site%2Fspkb
оРталыҚ ҚазаҚстан ЖағДайынДа пайза ӨнімДілігінің 
Қалыптасуы
М. Мавлонова, магистрант
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Қазіргі таңда мал шаруашылығының малазағына деген қажеттілігі толық қамтамасыз 
етілмейді. Шартты түрде жылына ірі қара малдың 1 басына өндірілетін мал азығы – 21,5-
23,5 ц азықтық бірлік, бұл нормативті көрсеткіштен айтарлықтай төмен (35-40 ц корм.
ед.), ал бұл периодтағы олардың шығымы нормадан 71-80% құрайды [1].


149
Кең ауқымымен ерекшеленетін Қазақстанның дала аумағында азықтың негізгі көзі 
егістік жерлер болып табылады. Танаптық мал азығы мал шаруашылығын азықпен 
қамтамасыз етуді олардың жалпы балансынан 70-75% қамтамасыз етеді. Осыған бай-
ланысты, жыртылатын жерлерді рационалды пайдалануға үлкен мән берілуі тиіс. Алай-
да, соңғы жылдары танаптық малазығын өндіруде біржылдық малазықтық дақылдар 
егістіктері күрт төмендеуде [2]. 
Азықтық жетіспеушілікті шешудің бір жолы – азықтық құндылықтары жоғары, жоғары 
және тұрақты өнім бере алатын, сонымен қоса аз шығын қажет ететін, агроклиматтық 
жағдайларға талабы аз біржылдық малазықтық дақылдардың түрлік құрамын кеңейту 
[3]. Бұндай дәстүрлі емес, кең таралмаған дақылдың бірі біржылдық малазықтық және 
астық мақсатта пайдаланылатын дақыл – пайза (Еchinochloa frumentacea). 
Пайза – Monocotyledones классына, Ежовник (Echinochloa) тұқымдасына жататын, 
тары тәріздес (Paniceaе),Echinochloa frumentacea (Roxb.) Link. біржылдық дақыл. Пайза 
кеңінен таралған арамшөп – тауық тарысына жақын туыс. Бұл дақылдың ботаникалық 
атауының бірнеше синонимдері бар –Panicum furmentaceum Roxb., Panicum furmentaceum 
(applismanus), Panicum crus galli var. furmentaceum Trin., Panicum crus galli major L. Пай-
за тұқымдасының атауы Echinochloa екі сөздің бірігуінен жасалған Echinoch – кірпі 
жәнеаchloa – шөп [4]. 
Пайза егістік мәдениетіне астық дақылы ретінде енді. Оның астығы ботқа мен ұн 
өнімдерін өндіруге жарамды [5]. 
Purseglove J.W. и Leslie S.C. [6] мәліметтері бойынша пайза астығы суда оңай піседі 
және әдетте тамаққа сүтпен және қантпен пайдаланылады, ке уақытта күрішпен араласқан 
күйде сыра қайнатуда пайдаланылады. 
Пайзаның жасыл массасы мен құрғақ массасының өнімділігі үлкен ауқымда 
тербеледі – 150-200-дан 750-850 ц/га дейін жасыл массасында және ылғал мен белсенді 
жинытық температура жеткілікті жағдайда 18-40-дан 140-180 ц/га дейін құрғақ масса 
қалыптастырады, себуден кейін 40-45 күн өткен соң оны жасыл азыққа қолдануға болады 
[7]. 
Пайзаны өсірудің адаптивті технологиялары мен интродукциясы сұрақтарына 
бағытталған отандық патенттелген «өнертабыстар» кездеспейді. Осылайша, Орталық 
Қазақстан жағдайында пайза егістіктерін кеңейтуді шектейтің себептердің бірі өсіру 
элементтерінің технологиясын (себу мөлшері, себу мерзімі, ылғалдану жағдайлары 
т.б.) толық игермегендік. Орталық Қазақстанның құрғақ – далалы аймақ жағдайында 
пайзаның жасыл массасының өнімділігінің себу мерзіміне байланысты қалыптасуын 
2015ж. Н. А. Серекпаев, В. И. Зотиков*, Г. Ж. Стыбаев, А. А. Байтеленова, Н. К. Муханов 
зерттеген болатын. Зерттеулер барысында пайзаның өнімділігіне себу мерзімінің және 
өсіп-даму барысында жүргізілген агротехникалық шаралардың, климат жағдайларының 
әсер етуі анықталды. Нәтижесінде пайзаның жоғары өнімділігі себу мерзімінің маусым 
айының бірінші онкүндігінде сәйкес келгенде байқалды – 273,03 ц/га[8].
Осы мақсатта бізбен Орталық Қазақстан жағдайында пайза өнімділігінің қалыптасуына 
зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстары 2019 жылы С.Сейфуллин атындағы 
Қазақ агротехникалық университетінің экспериментальді алаңында өтті. Зерттеу ныса-
ны – пайзаның Красава сорты мен бақылау нұсқасы ретінде судан шөбі алынды. Зерт-
теу жұмыстары «Методика полевого опыта» Доспехов Б.А., 1985 г., МемСТ 12036-85-
12042-80 бойынша жүргізілді. Тәжірибе 2 нұсқа, 3 қайталымнан тұрды. Облыс климаты 
тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Зерттеу жүргізілген жылы ауа температу-
расы көпжылдық орташа температурамен салыстырғанда біршама жоғары болды, ал 
ылғалдану дәрежесі төмен болды. Тәжірибе жүргізу барысында дақылдардың 2019 
жылы арамшөптермен орташа және күшті ластану анықталды.
Бақылау нұсқасы ретінде алынған судан шөбінің вегетациялық кезең ұзақтығы 90 
күн, пайза – 117 күн құрады. Зерттелген дақылдардың ішінде фотосинтетикалық потен-


150
циалын тәулігіне ең жоғары судан шөбінде болды. Себу мерзімі бойынша мамырдың ІІІ 
онкүндігінде дақылдардың ассимиляция бетінің қалыптасуына температура мен жауын-
шашын оң әсерін тигізді. 2019 жылғы дақылдың вегетация барысында жауын-шашын 
мөлшерінің аздығы өнімділіктің айтарлықтай төмен болуына себеп болды. Пайзаның 
өнімділігі 11,5 т/га, судан шөбі 13,7 т/га болды. Химиялық құрамы көрсеткіштерінен 
пайзада протеин мөлшері 10,73%, май 2,59%, клетчатка 31,91%, қант 0,34% құрады. 
Бақылау нұсқасы ретінде алынған судан шөбінде протеин мөлшері 9,53%, май 2,4%, 
клетчатка 29,45, қант 18,0%. Бұл крсеткіштерден пайза судан шөбінен 1,2%-ке жоғары 
май, 2,46% клетчатка мөлшері артық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет