212
Cladocera
15,4
0,65
Copepoda
21,4
0,86
Барлығы
44,9
1,52
Зоопланктонның жалпы саны 44,9 мың дана./м3. Саны бойынша ескекяқты
шаянтәрізділер басым болды, олардың үлесі 47,6 %. Зоопланктон ағзаларының био-
массасы 1,52 г/м3 болды. Планктонды топтану биомассасын қалыптастыруда басты рөл
атқаратындар ескеаяқты шаянтәрізділер.
Зообентос. Зерттелген суаттар бентофаунасы насекомдардың дернәсілдерімен
(Insecta), шаянтәрізділермен (Crustacea), азқылқанды құрттармен (Oligohchaeta),
сүліктермен (Hirudinea) және құрсақаяқты ұлулармен (Gastropoda mollusca) келтірілген.
Бентос қауымдастығының ең жиі кездесетін өкілдері Gammarus lacustris (Sars) және
C.plumosus болды. 2-кестеде Пестрое көліндегі зообентос организмдерінің негізгі
топтарының саны мен биомассасы көрсетілген.
Кесте 2 - Зообентос организмдерінің негізгі топтарының саны және биомассасы
Негізгі топтар
Саны, дана/м2
Биомассасы, мг/м2
Crustacea
60
0,98
Gastropoda
23
0,18
Insecta
420
1,02
Барлығы
503
2,18
Зообентос биомассасы 2,18 г /м2, жалпы саны 503 дана /м2 құрады. Зообентос
құрамында саны мен биомассасы бойынша Insecta тобы басым болды, сәйкесінше орта-
ша 83,4% құрады.
Пестрое көлі-жазық дала су айдыны, Шортанды ауданында орналасқан. Ихтиофауна
балықтың 3 түріменкелтірілген: кәдімгі мөңке (Carassius carassius), күміс мөңке (Carassius
gibelio) және оңғақ (Tinca tinca). Пестрое көлінде ең кең тараған күміс мөңке (105 дана), аз
кездескен кәдімгі мөңке 8 дана және оңғақ ауға тек екі дана түсті. Пестрое көлінде күміс
мөңкенің 5 жастық тобы кездесті, 2+ ден 5+ жасқа дейін, дене ұзындығы 11-17 см және
орташа салмағы 50-164 г аралығында кездесті. Кәдімгі мөңке 3+ және 4+ жастағы ғана
кездесті, ұзындығы 12-15 см, орташа салмағы 48,5-95 г аралығында болғаны анықталды.
Пестрое көлінде зоопланктон мен зообентосты организмдерінің негізгі топтарының
саны мен биомассасы анықталды. Зоопланктонның дамуы бойынша қалыпты азықтық
кластағы α - мезотрофты типтіге жатады. Зообентос құрамында саны мен биомассасы
бойынша Insecta тобы басым болды 83,4% құрайтыны анықталды.
Пестрое көлінің ихтиофаунасы 3 түрді құрады - күміс мөңке, кәдімгі мөңке және
оңғақ. Ең кең тараған түр күміс мөңке, максимальді өмір сүру ұзақтығы 5+ жас.
Достарыңызбен бөлісу: