Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет15/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
литература
1. Qiao, S.Wang, H.,Prentice, I.C. ,Harrison, S.P, Extending a first-principles primary 
production model to predict wheat yields, Agricultural and Forest Meteorology, Volume 287, 
15 June 2020
алматы облысы ЖағДайынДа алманың бактеРиялыҚ кҮйік 
ауРуына ҚаРсы вациплант пРепаРатының биологиялыҚ 
тиімДілгі
А.А. Дарубаев, докторант
С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Кіріспе. Жеміс дақылдарының бактериялық күйігі раушангүлділер (Rosaceae) 
тұқымдасын залалдайды. Аурудың қоздырғышы – Erwinia amylovora бактериясы (Burrill 
1882) Winslow, Broadhust, Buchanan, Krumwiede, Roders және Smith 1920. Синоним-
дер: Micrococcus amylovorusBurrill 1882, Bacterium amylovorus (Burrill) Chester 1897, 
Bacillus amylovorus (Burrill) Trevisan 1889. Қазіргі уақытта, раушангүлділер (Rosaceae) 
тұқымдасының 37 туысының 129 түрі осы аталған ауруға төзімділігі жоқ екені белгілі. 
[1]. Erwinia amylovora ТМД мемлекеттерінің аумағына 90-жылдардың соңында еніп (Бол-
гария, Украина), 2000-жылдардың басында Ресей Федерациясында (130), 2012-жылы 
Қазақстанда (87)анықталды. Елімізде, бактериялық күйік анықталған уақыттан бастап 


31
республикадағы алмұрттың өнеркәсіптік екпелерін іс жүзінде жойып, алма бақтарына 
елеулі зиян келтірді.
Алматы облысы бақтарында бактериялық күйікпен күресу шаралары ретінде 
патогендік бактериялардың санын азайту және патогендік инфекцияның алдын алу үшін 
кешенді шаралар қолданылып жүр. Жыл сайын өткізілетін агротехникалық шаралардың 
және Қазақстанда бактериялық күйікке қарсы қолдануға рұқсат етілген препараттардың 
тиімділігі қанағаттанарлық емес. Сол себептен елімізде аталған ауруға қарсы химиялық 
және биологиялық препараттардың биологиялық тиімділігіне зерттеу жүргізу қажеттілігі 
тұр.
Зерттеу құралдары мен әдістемесі. Алматы облысы климаттық жағдайында жеміс 
дақылдарының бактериялық күйік ауруына қарсы Вациплант, т.пс. (ламинарин)
препаратының биологиялық тиімділігін анықтау үшін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ау-
даны, Алға ауылында орналасқан «Жарық» шаруа қожалығында зерттеулер жүргізілді.
Жеміс беретін «Айдаред» сұрыпты алма бағы 2001 жылы отырғызылған. Отырғызу сыз-
басы 6,0м х 2,0 м.Препарат әр мөлдекте 10 ағаштан 4 қайталымда зерттелді. Зерттеу әдісі 
– жалпыға ортақ расталған әдістер негізінде жүргізілді [2, 3].
Вациплант т.пс. – вирус, саңырауқұлақ және бактериялық ауруларға қарсы 
қолданылатын иммуномодуляторлыфунгицид. Негізгі әсер етуші заты – ламинарин. 
Ламинарин – қоңыр теңіз балдырдың полисахариді. Қоңыр теңіз балдырлары (ламина-
рия) – біздің ғаламшардың ежелгі өсімдіктердің бірі. Олардың теңіз суынан түрлі ми-
кро- және макроэлементтерді (бор, темір, калий, кальций, фтор және басқалары) өзінің 
бойына сіңдіріп алау қабілеттері бар. Ламинария құрамындаағзаға сіңімділігі жеңіл 
формада йодтың жоғары болуымен бағаланады.Теңіз балдыры көкөніс қоспалары бар 
консерванттарда, агарда, ламинарин, медецинада, азық-түлік, фармацевтикалық және 
ауылшаруашылық өнеркәсіптеріндеқолданылатын ұнтақтарды алу үшін бағалы шикізат 
болып табылады [4]. Вациплант, т.пс. (ламинарин) иммуномодуляторлыфунгицидін 
бактериялық күйік ауруына қарсы қолдану биологиялық әдіс болып саналады. 
Зерттеу нәтижелері.Тәжірибе Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылын-
да орналасқан «Жарық» шаруа қожалығында жеміс дақылдарының бактериялық кұйік 
ауруына қарсы жүргізілді. Әр жылы аурудың пайда болуы мен көрінісі өзгереді және 
тәуліктік орташа температура, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауру тасымалдау-
шы бунақденелілердің болуы, залалданған өсімдіктердің жалпы жай-күйі (механикалық 
зақымдану, физиологиялық ерекшеліктер және т.б.), сондай-ақ бақта патогендік бактери-
ялар болуы сияқты факторларға байланысты болады (1-кесте).
1 кесте – Вегетация кезеңіндегі орташа айлық ауа температурасы, жауын-шашын 
мөлшері және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (Еңбекшіқазақ ауданы, 2019 ж.)
Ай
Температура,0 С
Осадки, мм
Влажность,%
2019
Орт. 
көпж-қ
Ауыт-
қуы
2019
Орт. 
көпж-қ
Ауыт-
қуы
2019
Орт. 
көпж-қ
Ауыт-
қуы
Сәуір
11,74
12,08
-0,33
5,26
5,49
-0,23
70,42
58,74
11,68
Мамыр
15,3
16,85
-1,55
11,7
6,46
5,24
53,07
54,15
-1,08
Маусым
20,6
21,55
-0,95
10,3
5,00
5,30
52,33
50,09
2,24
Шілде
25,51
24,08
1,44
5,64
3,42
2,23
40,34
43,53
-3,19
Тамыз
23,03
22,65
0,38
7,54
3,58
3,96
43,61
43,34
0,27
Қыркүйек
15,76
17,51
-1,75
4,04
3,90
0,14
56,28
45,31
10,97
2019 жылғы ауа райы талдауы көктемгі-жазғы кезеңдегі ауа температурасы орташа 
көпжылдық мәндер деңгейінде болғанын көрсетті. Көктемде сәуір айының соңында және 


32
мамыр айында, маусымда жауын-шашын орташа көпжылдық мәндерден жоғары болды, 
бұл көптеген аурулардың өршуіне ықпал етті. Жаздың ортасында және соңында жауын-
шашын аз болды. Көктемгі және жазғы кезеңдердегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 
орташа көпжылдық көрсеткіштер деңгейінде болды. Ауа райы көрсеткіштері бактериялық 
күйік (Erwinia amylovora Burrill.)қоздырғышының дамуына оң ықпал етті.
Ауру белгілері көктемде гүлдеу фазасында байқала бастайды. Гүлдері бірден солып, 
алдымен коңыр түске, артынан қара түске боялады, бірақ ағашта қалады. Залалданған 
өркендер қармақ түрінде иіліп қалады. Ағаш діңінен, жас өркендерінен және жеміс 
түйіндерінен сарғыш-ақ түсті тамшылар түрінде экссудат бөлінеді. Ауа қатысында экс-
судат қоңыр түске айналады. Ағаш қабығы жарылып, құрғақ ара райында кеуіп, сау 
ұлпадан анық көрініп тұрады. Қабық астындағы сүрек залалдану орнында ашық сарғылт 
түсті болады. Көктемде залалданған жеміс түйіндер мен піспеген жемістер қызыл-қоңыр 
түсті болып, тыржиып, бұтақтарда қалады. Аурудың қарқынды дамуы көктемде гүлдеу, 
өркендердің өсуі және күзде екіншілік гүлдеу кезінде болады.
Тәжірибе жүргізу барысында жеміс дақылдарының бактериялық күйік ауруы-
на қарсыВациплант, т.пс. (ламинарин) иммуномодуляторлы фунгицидінің 0,5 л/га 
және 1,8 л/га екі шығын мөлшері алынды. Оған эталон ретінде аталған ауруға қарсы 
тиімділігі жоғары Касумин (2% су ерітінді) биологиялық бактерицидті және емдік әсері 
бар фунгициді 2,0 л/га және 3,0 л/га шығын мөлшерімен қолданылды. Және бақылауға 
өңделмеген учаскесі қалдырылды. Зерттеу нәтижелері 2 - кестеде көрсетілген.
2-кесте –Алманың бактериялық күйік (Erwinia amylovora Burrill.) ауруына қарсы 
Вациплант, т.пс. (ламинарин) препаратының биологиялық тиімділгі (Алматы облысы, 
Еңбекшіқазақ ауданы, Алға ауылы, «Жарык» ш/қ, 2019 ж.)
Тәжірибе 
нұсқалары
Био
логиялық 
тиімділігі,(%)
Өркендердің 
бактериялық күйік аурумен
зақымдануы, %
Өнімділік, ц/га
Өнімг
е қо
сымша, ц/га
Таралуы
Дамуы
есеп
есеп
1
2
3
4
1
2
3
4
Вациплант, т.пс. - 
0,5 л/га
77,9
6,9
4,4
5,8
3,6
6,2
3,5
2,9
2,8
82,1
9,8
Вациплант, т.пс. - 
1,8 л/га
80,3
7,5
4,9
6,3
3,8
6,0
3,2
3,0
2,5
83,7
11,4
Касумин, 2% с.е.
2,0 л/га (эталон) 
81,1
7,2
4,8
6,2
3,3
6,3
3,5
2,7
2,4
82,8
10,5
Касумин, 2% с.е.
3,0 л/га (эталон) 
82,6
8,1
5,3
6,7
4,4
5,7
3,9
3,2
2,2
83,0
10,7
Бақылау (өңдеусіз)
-
72,3
Вациплант, т.пс. (ламинарин) препаратын бактериялық күйік (Erwinia amylovora 
Burrill.) ауруына қарсы қолдану 0,5 л/га шығын мөлшерінде 77,9%, ал 1,8 л/га шығын 
мөлшерінде 80,3% биологиялық тиімділікті көрсетті. Бактериялық күйік ауруына қарсы 
эталондық препарат ұқсас нәтиже көрсетті: Касумин 2л, 2% с.е. 2,0-3,0 л/гашығын 
мөлшерінде – 81,1% және 82,6%. 
Вациплант, т.пс. (ламинарин) препаратын қолдану 0,5-1,8 л/га шығын мөлшерінде 
өнімділігі 82,1-83,7 ц/га, бақылаумен салыстырғанда өнімге қосымша 9,8-11,4 ц/гақұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет