Мейірбике ісі жүйесінің РӨлі және заманауи ғылым негізі



бет2/4
Дата04.09.2022
өлшемі87,33 Kb.
#148688
1   2   3   4
Байланысты:
фысфыс

1-сурет.Медбикенің жұмыс орындары
«Берілген суретте мейірбикенің жұмыс жасау орындары тізілген.
Бағдар беруші пәндер:

  • Анатомия

  • Физиология

  • Жалпы патология негіздері

  • Микробиология

  • Денсаулық ахуалына баға беру

  • Фармакология негіздері

  • Мейірбике ісінің негіздері

  • Мейірбике ісіндегі менеджмент

Елбасымыздың 17.01.2014 жылғы «Қазақстанжолы-2050 бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы мен бастағымыз келеді. Халықтың денсаулығын үнемі бірінші орынға қойып келе жатқан Елбасымыз осы Жолдауында да медицина саласын дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайтып, дені сау ұлт болуға үндеді. Осы орайда, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға өсетіндігі және негізгі басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту керегін алға тартқан болатын. Азаматтардың медициналық жеке сақтандыруға көшуіден саулық сақтау саласындағы тың өзгерістің бірі болып отыр.»/17/ Қазақстандықтар спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, жиі профилактикалық тексерілуден өтіп тұрса, сонда елімізде өлім-жітім саны азайып, дені сау ұлт қалыптасуына мүмкіндік туатынын атап айтқан болатын.
Жалпы бүгінгі тақырыбымыздың өзі мейірбике рөлінің маңызы туралы болғандықтан,мейірбике ісі мамандығы туралы айтпақшымыз. «1936 жылы мейірбике, акушерлік, фельдшерлік бөлімдерден тұратын фельдшерлік-акушерлік мектептер болып ашылды. Содан бері медицина мамандарын даярлаудың сапасын жоғарылату үшін оқытудың негізгі әдістерін ғылыми негізінде енгізіп, тәжірибе жүзінде кеңінен қолданып келеміз.»/14/
Ұлт болашағы бүгінгі студенттердің білімі мен біліктілігіне, санасымен тәрбиелілігіне байланысты. Сондықтан студенттердің жан-жақты терең білім алуымен қатар, саналыда,тәрбиелі,саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделік деңгейі жоғары болуы үшін, оқытушылар(медициналық) аянбай еңбек етуде. Өздерінің еңбегінің нәтижесін көрсетуде. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі тиімділігімен сапасын арттыру, оқу үрдісінің ғылыми теорияға негізделген таңдамалы белсенді әдістеріне көшуді талап етуде. Қазіргі күннің басты мақсаты-денсаулық сақтау саласында-білімді де білікті мамандар даярлау.Қазіргі уақытта орта буындағы мамандарға талап өте жоғары. Олар арнайы кәсіби маман, тәжірбиелік дағдыларды меңгерген болуы керек. Мамандыққа деген дағдысын дағдыландыру, медперсоналдың сырқаттармен қарым-қатынас мәдениеттілігіне көңіл бөлу, қайырымдылық, құрметтеу, аяушылық ізгілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы студенттердің өз таңдаған мамандығының адам арашасы екенін санасына жеткізе білу.
Медбике мамандығының мәр­тебесін арттыру барысында әрине еліміздегі медициналық университеттермен колледждер арасында курстар, семинарлар, ғылыми- практикалық конференциялар, байқаулар арқылы өз біліктіліктерін, кәсіби, тәжірибелерінбөлісіпотырады. Ел игілігі үшін қызмет жасайтын орта буынды медицина мамандарын дайындау бұл өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтанда ертеңгі күннің еншісінде біздің берген білім өзін жоғары сапа ретінде дәлелдеуі керек, ал білімнің терең болуы үшін оқу мен тәрбиенің шынайы да талапты түрде берілуі қажет.
«Оқу орындары Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды. Студенттердің мамандығы бойынша бейімделуіне басты назар аударылады.Бұл әрине студенттеріміздің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында және оқытушылардың жетекшілігі мен сту­денттер түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен айналысуына ықпал етеді.»/15/ Соңғы уақытта медбике ісінің өзекті тақырыптары бойынша республикалық деңгейде онлайн конференциялар өтуде, оған оқытушылармен бірге студенттер де белсене қатысады.
Қазіргі нарық талабы да медбикелерден жоғары қабілеттілікті, кәсіби коммуникацияны және қатынас мәдениетін талап етеді. Нарықтық қатынастардың үздіксіз дамуы осы мамандарға тұрғындармен ғана емес, сонымен қатар басшыларымен де тиімді қарым-қатынас жасауды қажететеді. Коммуникативті дағдылар қазіргі медбикелердің кәсіби деңгейін көтеруге көмектеседі.
«Басқа пәндерін оқумен қатар, коммуникативті дағдылар негіздерін меңгеру болашақ мамандардың басқаруларымен, дәрігерлермен және тұрғындармен қарым-қатынас жасай отырып әртүрлі гигиеналық шараларды ұйымдастыруда этика және деонтология бойынша болашақ мамандардың білім, іскерлікпен дағдыны меңгеру мүмкіндігін арттыруына жағдай жасайды. Осы айтылғандардың барлығы студенттер үшін мынаны талап етеді:

  • медицина қызметкерлерімен, ұйымдармен мекеме қызметкерлерімен тиімді қарым – қатынас жасаудың принциптерін;

  • медицина қызметкерлерімен, ұжым мен мекеме қызметкерлері мен нәтижелі қарым – қатынас жасаудың тиімді жолын талдап, қолдануын;

  • медицина қызметкерлерімен, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерімен жасайтын қарым – қатынастың тиімді әдістерін қолдануын;

  • медицина қызметкерлерінің, ұйымдар мен мекеме қызметкерлерінің жеке өміріне, ыңғайлылық және қауіпсіздігіне көңіл бөлуін қадағалайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығында айтылған. Медициналық білім беруді жаңғырту Қазақстан Республикасы ЖОО-дарымен колледждерінің мейіргерлік іс оқытушылары үшін Мейіргерлік іс бойынша магистрдің қазақстандық дипломы және Финляндия университетінің Master of Health дипломы берілетін бірлескен Қазақстан –фин ғылыми-педагогикалық магистратурасы енгізілетін болады. Инновациялармен медицина ғылымын дамыту. Отандық медицина ғылымының деңгейін бағалау және сапасын арттыру мақсатында жыл сайын еліміздің ғылыми ұйымдарының Ұлттық рейтингі жарияланатын болады, бұл олардың ашықтығымен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Осындай оң өзгерістер заманауи мейірбике ісі жүйесін дамытудың ғылыми негізі болып қалмақ.»/15.1/

2-сурет. Мейірбикелік үрдіс кезеңдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет