Мейірбике ісі жүйесінің РӨлі және заманауи ғылым негізі



бет4/4
Дата04.09.2022
өлшемі87,33 Kb.
#148688
1   2   3   4
Байланысты:
фысфыс
ауіпсіздік, Тақырыбы Көктамыр катетерлерімен жұмыс істеу ережелері , Сәрсенбі 07.09.2022ж, 1-ауысым кестесі
Қорытынды
Біз бұл жұмысымызда мейірбикенің қоғамдағы рөлін соның ішінде мейірбикелік білім алудағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі ерекшеліктерді,мейірбикенің іс-әрекетіндегі науқаспен және орын туысқандарымен қарым-қатынасын,мейірбикелік процестерді,және мейірбикенің этикасын көрсеткіміз келді.Соларға жеке тоқталатын болсақ,алдымен мейірбикелік істің қаншалықты дәрежеде оқытылатынын көрсетсек: «1936 жылы мейірбике, акушерлік, фельдшерлік бөлімдерден тұратын фельдшерлік-акушерлік мектептер болып ашылды. Содан бері медицина мамандарын даярлаудың сапасын жоғарылату үшін оқытудың негізгі әдістерін ғылыми негізінде енгізіп, тәжірибе жүзінде кеңінен қолданып келеміз.» /24/ Медбике мамандығының мәр­тебесін арттыру барысында әрине еліміздегі медициналық университеттер мен колледждер арасында курстар, семинарлар, ғылыми- практикалық конференциялар, байқаулар арқылы өз біліктіліктерін, кәсіби деңгейлерін көрсетіп, тәжірибелерін бөлісіп отырады. Ел игілігі үшін қызмет жасайтын орта буынды медицина мамандарын дайындау бұл өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да ертеңгі күннің еншісінде біздің берген білім өзін жоғары сапа ретінде дәлелдеуі керек, ал білімнің терең болуы үшін оқу мен тәрбиенің шынайы да талапты түрде берілуі қажет. Оқу орындары Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды. Студенттердің мамандығы бойынша бейімделуіне басты назар аударылады.Бұл әрине студенттеріміздің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында және оқытушылардың жетекшілігімен сту­денттер түрлі бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына ықпал етеді. Соңғы уақытта медбике ісінің өзекті тақырыптары бойынша республикалық деңгейде онлайн конференциялар өтуде, оған оқытушылармен бірге студенттер де белсене қатысады.Келесі кезекте мейірбикенің этикасына тоқталатын болсақ: Мейірбике ісінің этикасы дегеніміз — медицина бибілерінің кәсіби әдептілігі.Кәсіби әдептіліктің бір түрі ретінде мейірбике ісінің әдептілігі әрбір медицина бибісінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуында,оның кәсіби сауатты және жауапты шешімдерді қабылдауында маңызды рөл атқарады.
Біздің бұл жұмыстағы мақсатымыз – үйлесімді дамыған әлемдік қоғамдастыққа берік және терең интеграцияланған жоғары және жоғарғы оқу орынынан кейінгі білімі бар ,этикалы жоғарғы білікті медициналық қызметті ұсынатын ,медицинадағы жаңа білімдерді беретін мейірбикелермен қоғамның қамтамасыз етілуін көрсету.
Қазіргі таңда басқа дәрігерлік мамандықтармен қатар мейірбикелік істің де маңыздылығы жоғары екенін елбасымыздың өзі атап көрсеткен. «Елбасымыздың 17.01.2014 жылғы «Қазақстан жолы-2050 бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында,Елбасымыз халықтың денсаулығын үнемі бірінші орынға қоя отырып медицина саласын дамытудың негізгі бағыттарын ,соның ішінде мейірбике ісінің жұмыс барысын айқындады. Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұлғайтып, дені сау ұлт болуға үндеді. Осы орайда, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға өсетіндігі және негізгі басымдық — алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту керегін алға тартқан болатын. Азаматтардың медициналық жеке сақтандыруға көшуі денсаулық сақтау саласындағы тың өзгерістің бірі болып отыр. Қазақстандықтар спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, жиі профилактикалық тексерілуден өтіп тұрса, сонда елімізде өлім-жітім саны азайып, дені сау ұлт қалыптасуына мүмкіндік туатынын атап айтқан болатын.»/25/ Сонымен қатар мейірбикелік істің жоғарғы оқу орындарынан бөлек колледждердің өзінде жоғарғы білікті мейірбике атағын алуының өзі осы мейірбике мамандығының қаншалықты дәрежеге көтерілгендігін көрсетеді.Атап айтатын болсақ Батыс Қазақстан медициналық колледжі биылғы жылдан бастап мейірбике мамандығын жоғары маманданған мейірбике атауына өзгертті.Бұл,колледждердің өзінде мейірбикелердің жоғарғы білімді бола алатынына дәлел.Жұмыс барысында біраз мәліметтерді қамти отырып,медициналық көмектің алғашқы сатысы осы мейірбике ісінен бастау алатынын айқындады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері» 47-48 бет

  2. Е.В.Качаровская,О.К.Лютикова «Сестринское дело в педиатрии»

  3. ozon.ru/context/detail

  4. Н.Г.Соколова,В.Д.Тульчинская «Сестринское дело в педиатрии»

  5. kingmed.info/knigi/Sestrinskoe_delo/book_4149

  6. group-global.org/kk/publication/35039-meyirbike-isi-zhuyesinin-roli-zhne- zamanaui-gylym-negizi

  7. Мышкина А.К. «Сестринское дело»

  8. kingmed.info/knigi/Sestrinskoe_delo/book_2207

  9. С.В.Котова «Сестринское дело в неврологии»

  10. labirint.ru

  11. Э.В.Смолина «Сестринское дело в терапии»

  12. livelib.ru

  13. В.Тульчинская ,Н.Соколова,Н.Шеховцова «Сестринское дело в педиатрии» 59-60 бет

  14. С.А.Мухина,И.И.Тарновская «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела» www.brkmed.ru

  15. https://prezi.com/lqfboanlsfbr/presentation/

  16. http://refleader.ru/polqasotrjge.html

  17. shava.kz Қайыргалиев Ж.Б.

  18. kazmedic.kz Тұяқов И.Қ

  19. www.ru Набелданов И.Ш

  20. www.com Бекбауов Ж.А.

  21. massaget.kz

  22. studfiles.ru Арманбай І.Ә

  23. Ш.Құлбекова ,Л.Шахворостова ,Ә.Сабырханова,К.Қасенова «Терапия» 152-154 бет

  24. И.В.Яромич «Сестринское дело и манипуляционая техника» 204-205 бет

  25. Сестринское дело в двух томах

  26. http://www.studmed.ru/krasnova-af-sestrinskoe-delo-v-2-h-tomah-tom-1_46b587871da.html

  27. Л.В.Цыганова 2013 ж «Младшая медицинская сестра по уходу за больными»

  28. http://allrefs.net/c1/49su5/

  29. Е.Ю.Храмова 2010 ж «Справочник медсестры»

  30. Г.М.Лукъянова 2011 ж « Подготовка пациента к различным инструментальным методам исследования»

  31. В.Н.ОслоповОбщий уход за больными”

Құрастырғандар: Айтқалиева Д., Айтқожина Т.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет