Мейірбике ісі жүйесінің РӨлі және заманауи ғылым негізі



бет3/4
Дата04.09.2022
өлшемі87,33 Kb.
#148688
1   2   3   4
Байланысты:
фысфыс

Ескерту: С.Қ.Мұратбекованың «Мейірбике ісінің негіздері» кітабынан алынды
Берілген суретте мейірбикелік үрдістің кезеңдері көрсетілген.
«Жалпы халықтың және бөлек әр адамның өмір сапасы көп факторларға байланысты денсаулық жағдайлармен анықталады: тұқым қуалаушылық, сыртқы ортаның экологиясы, өмір сүру салты, материалдық мүмкіндіктері, медициналық көмектің қолжетімділігінің көлемі мен мазмұны. Сөзсіз, жоғары өмірлік деңгейге жетуге халықтың ақпараттандырылуы, санитарлық – гигиеналықтәрбиеменмедициналық – әлеуметтік көмектің пішінді жүйесінің болуы, «денсаулық мектебінің» болуы, мейірбикелік күтімнің оқыту бағыттылығы сияқты маңызды жағдайлар құруы мүмкін. Ал осы сауықтыру шараларын жүргізуді жүзеге асыруда үлкен рөл білімі мен тәжірибесі жоғары сапалы мейірбикелік қызметті көрсетуге мүмкіндік беретін мейірбикелерге тиісті.
Мейірбикелік іс – басымды кадрлық ресурстары және халықтың қолжетімді және қолайлы медициналық көмек кеқажеттілігін қанағаттандырудағы шынайы потенциалдық мүмкіндіктері бар денсаулық сақтау жүйесінің негізгі құрамдық бөлігі»./16/
Мейірбикелік қызмет көрсету денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетудің ең үнемді тәсілінің бірі ретінде қарастырылады. Мейірбикелік қызмет көрсетуді дамыту денсаулық сақтау жүйесінің экономикалық тиімділігін әрі қарай арттырудағы жалпы тенденцияның бөлігі болып есептеледі .
Қазіргі таңда мейірбикелік істің негізделетін ережесі ол кәсіби қызметтің ерекше бөлігі ретіндегі медицинадан жеке ғылым болып бөлінуі. Мейірбикелік іс — емдеу ісінде маңызды болып есептелетін жеткілікті потенциалы бар дербес мамандық.
Мейірбикенің функциясы жәй дәрігердің нұсқауын орындаумен шектелмейді, оның негізгі міндеттеріне пациенттердің күтімі жүктелген, яғни ауруды алдын алу, денсаулықты сақтау, науқасты қайта қалпына келтіру және қиналғанды жеңілдету міндеттері кіреді.
Күнделікті мейірбикелік тәжірибеде мейірбикелік іс философиясының бастаушысы этика болып саналады. «Этика – кәсіптік тәртіптің дұрыс-бұрысын, жақсылық пен жамандықтың қайда екенін анықтайтын философияның бір саласы» (М.Фаулер)./13/
Кәсіптік этиканың элементтерін анықтап алудың мәні неде?
«Жаңа ғана еңбек әрекетімен айналыса бастаған мейірбике бірден кәсіби деңгейдегі талаптарға сәйкес бола алмайды. Философия докторы Патриция Боннер жас мейірбикенің өзін екі әскердің – оқыған кездегі құндылықтардың және практикада танып білген құндылықтардың шайқасымен салыстырғанын есіне түсіреді.»/17.1/
Кейін, мамандыққа үйрене келе, ол медициналық колледжде ие болған және кәсіптік құндылықтардың өзара араласып, қосылып кеткенін байқады. Екі құндылық бірге, біртеңдес, міндеттерді терең сезініп, ойланылған болса ғана мамандықтың толық қалыптасқаны. Бірінші міндет – жеке тұлғаны сыйлау. Әр емделуші бикелік іс-әрекеттің түрсіз объектісі емес, ол табиғаттың бірегей жаратылған жаны бар және осы тұрғыда төмендегі құққа ие:

  • бикелік күтімді толық көлемде қабылдауға;

  • ауруы, емдеу жолдары және күтулі нәтиже туралы дұрыс мәлімет алуға;

  • құпияға;

  • күтім мен емге белсенді қатысуға;

  • болашақ тағдырын еркін таңдауға;

Емдеу барысында мейірбике емделушіге өз құндылығын түсінуге көмектеседі, оның проблемаларының барлық шешу жолдарын қарастырады, кейін не мақұлдамай, не айыптамай өз емделушінің шешімін қабылдайды. Жеке тұлғаның автономиясын сыйлап, мейірбике кеңес бермейді, ол тек хабарлап және қолдап отырады .
Мейірбикенің басқа да міндеттері хабардарлық, жауапкершілік, мейірбикелік іске берілгендік.
Соңғы кезде мейірбикенің функциясына көзқарастар өзгеруде. Егер бұрын акцент науқастарды күтуге бағытталса, қазіргі таңда мейірбикелер басқа мамандармен бірге басты міндеті ретінде денсаулықты сақтау, ауруды алдын алу, адамдардың индивидуалды мүмкіндіктеріне сәйкес барынша тәуелсіздігін қамтамасыз етуді жатқызады.
«Мейірбикелердің функциялары мейірбике ісі жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық жергілікті бюросымен анықталған.
Бірінші функциясы — мейірбикелік күтімді жүргізу, мысалы: алдын алу шараларды, мейірбикелік араласуларды айтуға болады. Мейірбикелік күтімді жасауға келесілер жатады:

  • адамның және оның отбасының қажеттіліктерін бағалау;

  • мейірбикелік араласудың арқасында қанағаттануы мүмкін денсаулықпен байланысты бастапқы мәселелердіанықтау;

  • жеткілікті мейірбикелік күтімді доспарлау мен жүргізу; пациенттерді, керек жағдайда оның отбасын, достарын қатыстыру;

  • қабылданған кәсіптік стандарттарды қолдану.

  • Екінші фукциясы – пациенттерді және меірбикелерді оқыту, оған жататындар:

  • денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған адамның білімі мен дағдыларын бағалау;

  • белгілі деңгейде керекті ақпараттарды дайындау және ұсыну;

  • басқа мейірбикелерге, пациенттерге және басқа да персоналдарға жаңа білім мен дағдыларды алуда көмек көрсету.

  • Үшінші функциясы – медициналық қызметкерлер бригадасында мейірбикелердің тәуелді және тәуелсіз рөл атқаруы.

  • Төртінші функциясы- ғылыми қызметтің көмегімен мейірбикелік тәжірибені дамыту.

  • Мейірбикелік істің негізгі мақсаттары:

  • халыққа және Емдік-профилактикалық мекеме әкімшілігіне қазіргі кездегі мейірбикелік істің маңыздылығы мен басымдылығын түсіндіру;

  • халықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыруатын мейірбикелік қызметті ұсыну мен кәсіби міндеттерін кеңейтудің арқасында мейірбикелік потенциалды дамыту және тиімді қолдану;

  • жоғары білікті мейірбикелер мен менеджерлерді дайындау да оқу үрдісін қамтамасын ету және жүргізу, сонымен бірге, жоғары жіне орта мейірбикелік деңгейдегі мамандардың дипломнан кейінгі дайындығын жүргізу;

  • мейірбикелерде белгілі ойлау стилін қалыптастыру.

  • Мейірбикелік іс келесі міндеттерді шешеді:

  • кадрлармен жұмыс жасау ұйымдастырушылық және басқарушылық резервтерді дамыту және кеңейту;

  • халыққа қызмет етуде кәсіптік және ведоствалық күштерді біріктіру;

  • мейірбікелік көмек сферасында жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;

  • кеңестік мейірбикелік көмекті жүргізу;

  • санитарлық-ағарту және алдын алу жұмыстарын жүргізу;

  • медициналық ақпараттардың жоғарға деңгейін қамтамасыз ету;

  • персоналдардың білімін арттыру және кәсіптік дағдыларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;

  • мейірбикелік іс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • мейірбикелік көмек сапасының стандарттарын әзірлеу .»/18/

Мейірбикелік істің бастапқы дамуы мейірбикелерді тиімді пайдалану, халықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыратын мейірбикелік қызметті ұсыну мен кәсіби міндеттерін кеңейтудің арқасында мейірбикелік потенциалды дамыту және тиімді қолдану арқылы халыққа сапалы жаңа деңгейдегі медициналық көмекті көрсете алады.
«Сонымен, мейірбикелік тәжірибенің стратегиясы денсаулық сақтау жүйесінің өзгермелі қажеттіліктеріне сай болуы қажет, ғылыми дәлелдеуі болу керек, әлеуметтік тұрғыда қолайлы болуы қажет, жалпы қолжетімді медициналық көмек қамтамасыз ету керек, көмектің жоғары сапасын кепілдеу.
Денсаулық сақтау саласындағы әртүрлі категориядағы кәсіби топтардың еңбек сипаттамасы мен шарттары олардың денсаулығын көз жазбай қорғауға лайықты. Қазіргі заманауи жағдайлар медициналық қызметкерлердің еңбегі айқын ой еңбектік, жүйкелік-эмоционалдық шиеленістерге, физикалық (радиация, ультра дыбыс, лазерлік сәуле) және химиялық әсерлердің болуымен байланысты.»/19/
Қоғамның дамуының заманауи кезеңінде мейірбикенің мамандығы кең таралғандығынан бұрын, едәуір әлеуметтік маңыздылығымен ерекшелінеді. Бірақ денсаулық сақтау жүйесінің дамуы бірқатар келеңсіз тенденциялармен қатар жүруде. «Мысалы, қолайсыз фактор ретінде дәрігерлер мен мейірбикелердің арасындағы теңсіздікті айту болады, сонымен қатар, мейірбикелердің 50% жуық жұмыстары пациентке көмек көрсетуге жұмсалмайды, тіптен медициналық білімін де қажет етпейді де.»/19.1/
Медициналық көмектің сапасын бағалау түрінің бірі – пациенттер тарапынан бақылау жүргізу. Сондықтан мейірбикелердің жұмысын оңтайландыруда мейірбикелердің көрсететін қызметіне деген пациенттердің ой-пікірі үлкен маңызды рөл атқарады, яғни, медициналық көмек сапасының бағалаушы индикаторларының бірі емделушілердің көрсетілген көмекке қанағаттанушылығы болып табылады.
Науқастардың қанағатанушылығы емнің нәтижелігімен, қауіпсіздігімен, жайлылық факторларымен және де медициналық қызметкерлердің емделушіге деген қарым-қатынасымен анықталынады.
«Мейірбике ісі – тұрғындарды қолжетімді дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.»/20/
Мейірбикелер медициналық қызметкерлердің әлеуметтік тобының күрделі құрылымында әрқашанда өзіндік орын алады. Дегенмен, қазіргі дәуіріміз мейірбике мамандығына заманауи медициналық технологияларды меңгеру секілді жаңа талаптар жүктеп отыр. Дамыған елдердің медицина саласында мейірбике ісі дәрігер қызметіне барынша жақындатылып, олардың кәсіби білімдерінің ұзақтығы мен мазмұны кеңейтіліп, жалақысы өсіп, аталған мамандыққа деген қызығушылықтың артуы мен олардың әлеуметтік сатысының көтерілуіне жағдай тудырған мейірбике қызметінің сұлбасын өзгертуге әкелді.
Бұрынғыдай, мейірбике ісіне дәрігердің айтқанын ғана бұлжытпай орындайтын дәрігердің көмекшісі деген көзқарас келмеске кетті. Мейірбике ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға үлес қосатын, өзінің айқын міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы. Бұған болашақ бітірушіні өзінің оқу үдерісі барысында алған білімін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман ретінде дайындаса ғана қол жеткізуге болады.
«Медицинаның дамуы, денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикенің орыны мен роліне деген көзқарастың өзгеруі, мейірбике ісінің жеке мамандық ретінде қалыптасуы мейірбике ісінің теориясы ғана емес, сонымен қатар тәжірибесін де дамытуға мүмкіндік беретін мейірбике ісінің сұлбасын жасауға себеп болды.
Бүгінгі таңда мейірбике ісінің көптеген тұжырымдамалық сұлбасының негіздері жасалды. Әдебиеттерде көптеген жағдайда «сұлба» xжәне «теория» синонимдер ретінде қолданылып жүр. Алайда, авторлардың көпшілігі мейірбике ісінің тұжырымдамалық сұлбасының ерекшелігі, оның іске қатысы жоқ элементтерін алып тастап, тек проблемаға қатыстыларын ғана қалдыру керек деген пікірге тоқталып жүр.
Мейірбике ісінің сұлбасының құрауыштары:

  • пациент мейірбикелер тобының қызмет нысаны ретінде;

  • пациент проблемаларының қайнар көзі;

  • күтудің (мейірбике көмегінің) мақсаты мен міндеті;

  • мейірбике ролі;

  • мейірбике көмегінің бағыты;

  • мейірбикелік көмек көрсетудің әдістері;

  • күтудің (сырқатты) сапасы мен нәтижесі.»/22/

Қолданылған әрбір мысал, әдебиет авторлардың «мейірбике ісі» термині мен «пациент», «денсаулық», «қоршаған орта» деген ұғымдарға деген түсініктерінің айырмашылықтарын айқын көрсетеді.
«Мейірбике ісіндегі сан-салалы сауалға жауап алу үшін «Алматы ақшамының» ұйымдас­тыруымен Алматы медицина колледжінде дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеге Алматы медицина колледжінің директоры, Алматы қаласы бойынша мейірбике ісі мамандары ассоциациясының төрайымы Ақмира Садықова, колледждің оқытушылары, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Ләйла Кеңесбаева және қала бойынша мейірбике ісі мамандарының тәлім­герлері қатысып, мейірбике ісі мамандарының бүгіні мен ертеңі төңірегіндегі ойларын ортаға салды. Мейірбикелер өз ой-пікірлерін саралай келе, бұл мамандықтың мәртебесін, кәсіби деңгейін арттыру үшін құқықтық нормативтік құжаттары, мейірбике ісінің стандарты мен алгоритмі, атқаратын қызметтері анықталуы тиіс деген қортынды жасады.
Сондай-ақ, мейірбикелерді шет елдердегідей түрлі деңгейде даярлау керектігі, әртүрлі міндет жүктелген мейірбикелер ісін жүйелеп, оларды дәрігерлердің нұсқаулықтарын орындаушы қызметкерден дербес шешім қабылдай алатын, өзіне тиесілі міндеттерді өзінің қызмет деңгейі аясында жүзеге асыра алатын дәрежеге жеткізу жолдары жан-жақты сөз болды. Дөңгелек үстел басындағы әңгіме-пікірсайыста сөз алған Алматы медицина колледжінің директоры А.Садықова, директордың кеңесшісі К.Құлмағанбетов, директордың сапа жөніндегі орынбасары Т.Аманов, директордың іс-тәжірибе жұмыстары бойынша орынбасары А.Оралбаева, терапиядағы мейірбике ісі кафедра­сының оқытушысы Н.Жексембаева, акушерлік және гинекологиядағы мейірбике ісі пәнінің оқытушысы Б.Исинғазина және хирургия ісіндегі мейірбике ісі пәнінің оқытушысы Н.Юсупова, колледждің дипломнан кейінгі қайта даярлау бөлімінің меңгерушісі Г.Ердесовалар қазіргі заман талабына сай мамандар даярлау бағытында кол­ледж бойынша қолға алынып отырған игі-шара­ларға, алыс-жақын шет елдердегі оқу орындары мен медициналық орталықтардың іс-тәжірибесінің өміршеңдігі мен тиімді тұстары төңірегіндегі ойларын ортаға салды.
Алматы қаласындағы денсаулық сақтау мекеме­лерінде қызмет атқарып жүрген алғашқы санитар­лық-меди­циналық қыз­метті жақсарту мен жетілдіру міндеті жүк­теліп отырған мейірбике ісінің қызмет­керлерін жақсы, жаңа тәжірибелерді игеру мен оларды іске асыру туралы ұсыныстарын білдірді. Ал өткен жылы Алматы қаласы әкімінің қол­дауымен Вильнюс медицина университе­тінің медицина орталығында іс-тәжірибеден өтіп, қолдарына мейірбике ісінің тәлімгері серти­фикатын алған мамандар осы сала бойынша қолға алынып отырған жаңа бастамалар, пилоттық жобалар жөнінде әңгімелеп, болашақта біздегі мейірбике ісінің қызметі де мәртебелі, кәсіби деңгейі жоғары, дербес міндет атқаруға қабілетті мәртебелі мамандық деңгейіне жетеді деген нық сеніммен дөңгелек үстел басындағы әңгімені қорытындылады. Директор, сондай-ақ, мейірбикелердің қызметін жеңілдету мақсатында 10 айлық оқу жүйесі бойынша мейірбикенің көмекшісі мамандарын даярлау қолға алынатындығын да жеткізді.»/23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет