«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу



бет122/254
Дата13.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#100027
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   254
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» П ні бойынша мейірбикелік технологияла
Әлеуметтану пр 5 презантация, Әлеуметтану пр 5 презантация, коууууууч, 00031f94-1ff4cfbc, ББЦ СРСП-1 Ерікқызы Мадина, 5 сынып әдебиет 3-тоқсан, «Ì?ë³ìåòòåð ?îðûíû? òåîðèÿñû» ï?í³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Ì?ë³ìåò, Ұстаздар -ұлы тұлғалар, СӨЖ 1
Суппозиторийді (балауызды) тік ішек арқылы енгізу
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз:тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.

  4. Науқасты сол жақ қырына қаратып жатқызып, тізе буыннан аяғын бүгіп ішіне келтіріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шеті жағын қайшымен қиыңыз.

  7. Сол қолмен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

  9. Бірнеше минуттай науқастың төсектен тұрмауын сұраңыз.

  10. Қолғапты шешіп, Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


Ескерту:

  • суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

  • суппозиторийді ұзақ ұстауға болмайды, неге десеңіз ол жылдам ериді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет