«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет125/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Теріге майды жағу
Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.

Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді,зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.

  7. Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз,оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылыда сорылады.

  8. Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет