Іс-әрекет алгоритмі Орталық жүйке жүйесі қызметі тежелуінің сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бұзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жағдай бөлінеді.
Өлім үстіндегі жағдай организмнің тіршілік етушілік бұзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуының және жасушалар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бұзылыстарын сипаттайды.
Жанталасу басындағы, жанталасу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады – бұл өмір мен өлім арасындағы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимациялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.