ТЫНЫС АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН ҚАНАҒАТТАНДЫРУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ КЕЗІНДЕГІ МЕЙІРБИКЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тұншығу ұстамасы (бронх демікпесі).
II. МАҚСАТЫ: тұншығуды жою (уақыт индивидиуалды).
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) дереу дәрігер шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет
етеді);
2) таза ауамен қамтамасыз ету;
2) емделуші қолдарына тірелумен жартылай отыратын қалып беру, тар
киімнен босату (бұл қалыпта тыныс алуға қосымша тыныс бұлшық
еттері қосылады);
3) ылғалды оттегімен ингаляцияны қамтамасыз ету, таза ауа жіберу;
4) емделушіге ыстық аяқ ваннасын қамтамасыз ету;
5) бронхолитик пен қалталы ингаляторды қолдану ("Астмопент",
"Сальбутамол", "Беротек") 3 реттен артық емес;
6) дәрігер келгенге дейін төмендегілерді дайындау: бронхолитиктер-
теофедрин, 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 5%-эфедрин ерітіндісі, баралгин;
гормоналді препараттар - преднизолон, гидрокортизон, жүрек
гликозидтері т.б.
7) емделушінің жағдайын (тыныс алу, пулъс, АҚ, тері жамылғыларының
түсі) бақылауды қамтамасыз ету.
8) лабораториялық зерттеу үшін қақырықты жинауға үйрету;
Достарыңызбен бөлісу: |