БАУЫР ЖӘНЕ ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДБИКЕЛІК ІС-ӘРЕК ЕТТЕРДІҢ СТАНДАРТТАРЫ
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Сарғаю
II. МАҚСАТЫ: Қысқа мерзімді мақсат: Науқас барлық нұсқауларды орындаған кезде сарғаюдың азаятынын немесе жойылатынын түсінеді. Ұзақ мерзімді – науқас ауруханадан шығар кезде сарғаю азаяды немесе толығымен жойылады.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) №5 диета бойынша науқасты бөлшек мөлшермен күніне 5-6 рет жиі
тамақтануды қамтамасыз ету:
2) Науқаспен және туысқандарымен тамақтандыру туралы кеңес беру және әкелінген тағамдарға бақылау жүргізу.
3) Науқасқа физикалық белсенділікті шектеу қажеттілігін түсіндіру қажет.
4) Күнделікті шырьшты қабаттар мен тері жамылғылары түстерінін
өзгеруін бағалау керек.
5) Шырышты қабаттармен терінің ұқыпты күтімін қамтамасыз ету.
6) Науқасты несеп қабылдағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.
7) Күнделікті зәр мен нәжістің түсін бақылауды қамтамасыз ету.
8) Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді көктамырға енгізуді
қамтамасыз ету.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ - Әлсіздік
II. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді: науқас аптаның аяғында әлсіздіктің
азайғанын белгілейді. Ұзақ мерзімді мақсат:
ауруханадан шығар кезде науқас әлсіздік сақталғанына
қарамастан үй жағдайында өмір сүруге бейімделеді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. Емделушіге физикалық, психикалық тыныштықты қамтамасыз ету.
2. Емделушіге белгіленген белсенділіктің тәртібін сактауды бақылау керек.
3. Емделушіге негізгі өмірлік кажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмек көрсету.
4. Емделушіге психологиялық қолдауды қамтамасыз ету.
5. Үй жағдайында науқасқа өзін күтудің элементтерін үйрету.
6. Туысқандарымен науқастың күтімі және рационалды өмір сүруі туралы әңгіме жүргізу.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тері жамылғыларының қышымасы
II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсат: аптаның аяғында науқас кы-
шыманың азайғанын белгілейді.
Ұзақ мерзімді: ауруханадан шығар кезде
тері қышымасы басылады немесе азаяды.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. Емделуші терісінің гигиенасын (сүрту, душ, ванна) қамтамасыз ету.
2. Дәрігер тағайындауы бойынша қышыманы азайту үшін емделушінің
терісін антисептикалық ерітінділермен сүрту.
3. Тағайындалған диетаны қатаң ұстауды қамтамасыз ету.
4. Емделушімен және оның туысқандарымен диетаны қатаң
сақтау туралы әңгімелесу.
5. Дәрігердің нұсқауларын орындау.
Құсу кезіндегі көмек. Асқазанды жуу алгоритмі
І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Жайлы жағдайының бұзылуы:
жүрек айну, құсу
ІІ. МАҚСАТЫ Қысқа мерзімді мақсаттар: науқаста құсық
массасы мен аспирация және ағзаның сусыздануы
болмайды.
Ұзак мерзімді: емделуші құсудың және жүрек айнудың азаюын белгілейді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. Құсық массасымен аспирация болдырмайтын қалып беру.
2. Әр құсудан кейін ауыз қуысының гигиенасын қамтамасыз
ету.
3. Науқасқа керекті мөлшерде салқындатылған сусын қолдануды
ұсыну.
4. Науқасқа жайлы жағдай жасау: шымылдық, бөлмені жиі
желдету, киім-кешекті ауыстыру, құсықты жинау,
психологиялык қолдау.
5. Құсықты қарау, мөлшерін анықтау, қажет болса зерттеулерге
алу.
6. Құсық массасын зарарсыздандыру.
7. Дәрігердің белгілеуі бойынша құсуға қарсы препаратты
қолдануды қамтамасыз ету.
І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Ессіз жағдайдағы науқастың құсуы
ІІ. МАҚСАТ құсу кезінде көмек көрсету.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. Аспирацияның (құсық массаларының тыныс жолдарына түсуі) алдын алу мақсатында науқастың басын бір жағына қарай бұру.
2. Дереу дәрігер шақыру.
3. Жастықты алып тастау.
4. Егер бар болса, алынбалы – салынбалы протездерді алу.
5. Науқастың көкірегін клеенкамен немесе сүлгімен жабу.
6. Аузының алдына астауша қою.
7. Қажет жағдайда электросорғышпен немесе груша тәрізді баллонмен ауыз, мұрын қуыстарындағы құсық массаларын сорып алу.
8. Ауыз қуысының күтімін жасау.
9. Құсық массаларын дәрігер келгенге дейін қалдыру.
І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Ентігу
ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді – аптаның соңында емделушінің тыныс алуы жақсарады. Ұзақ мерзімді –ауруханадан шығар сәтте тыныштық жағдайда науқаста ентігу болмайды.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) науқастың қысып тұрған киімдерін босату;
2) бас жағын жоғарылату;
3) күніне 3-4 рет бөлмелерді желдетуді қамтамасыз ету;
4) дәрігердің тағайындауы бойынша ылғалды оттегімен ингаляция
жүргізу;
5) әр 2 сағат сайын науқастың тыныс алу (жиілігін, ырғағын, тереңдігін) жайдайын, жөтелдің сипаттамасын, тері жамылғыларының түсін бақылау;
6) дәрігердің тағайындауы бойынша препараттар қабылдауды қамтамасыз ету;
7) науқас тынысты жеңілдету тәсілдерін (төсектегі қалпы, оттегі жастықшасын қолдану) үйрету;
8) науқастың туысқандарымен психологиялық қолдау туралы, физикалық белсенділіктің сақтаушы тәртібі туралы әңгімелесу;
І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тұншығу ұстамасы (жүрек демікпесі)
ІІ. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді – тұншығуды 20-30 минут ішінде жою.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) Жылдам дәрігер шақыру, өйткені бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді.
2) Толық тыныштықпен қамтамасыз ету, таза ауамен қамтамасыз ету, қысып тұрған киімдерін шешу (тыныс алу жағдайы жақсарады);
3) Науқасты төсегінде аяқтарын төмен түсіріп отырғызу немесе жартылай отыру қалпын беру (жүрек бұлшық етінің жұмысы жеңілденеді, жүрекке венозды қанның келуі және өкпеде қанның іркілуі төмендейді);
4) 1 таблетка нитроглицеринді немесе 1 тамшы 1% валидол ерітіндісін тіл астына беру (нитроглицерин коронарлы қан тамырларын кеңейтеді, нитроглицеринді қан қысымы 100мм с. б. төмен болған жағдайда беруге болмайды);
5) Ауыз қуысын көбік пен кілегейден ( тыныс жолдарының өткізгіштігі қамтамасыз етіледі) тазалау;
6) Көбікті басушылардан жіберілген ылғалды оттегіні беру;
Ескерту: көбік басушыларға 10% антифомсилан, 96 % этил спирті жатады. Оттегін орталықтандырылған әдіспен беру кезінде оттегіні беру жылдамдығы алғашқы 5 минут ішінде минутына 2-3л, соңынан минутына 6-7л. Оттегі ингаляциясы оксигенация жағдайларын жақсартады.
7) Аяқ-қолдарына венозды бұрау салу, оларды 10-15 минуттан кейін кезекпен босату. Бұл әдісті дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда қолдануға болады.
8) Аяқтарды жылы қыша ванналарына салу немесе аяқтарға қыша қағазын, жылытқышты қою (рефлекторлы әсер етеді);
9) 300-400 мл көлемінде қан ағызу. Бұл процедура қан қысымы қалыпты жағдайда дәрігердің тағайындауымен жүргізіледі;
10) Науқастың жағдайын (тыныс алу жиілігі, пульс, қан қысымын, тері жамылғылары түсін, диурезді, қақырық сипатын) тұрақты бақылау;
11) Дәрігер келгенге дейін наркотикалық анальгетиктерді, зәр айдайтын дәрілерді, жүрек гликозидтері т.б. (1% димедрол ерітіндісі немесе 2% супрастин, 0,025% строфантин ерітіндісі, 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 0,9% физиологиялық ерітінді т.б.) дайындау;
12) Дәрігердің тағайындаған дәрілерін егуді қамтамасыз ету;
13) Ұстама жойылған соң науқасты зембілмен жандандыру бөліміне
тасымалдау.
Достарыңызбен бөлісу: |