Мейірбикелік көмекті жоспарлау


Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері



бет15/28
Дата12.12.2021
өлшемі85,43 Kb.
#99704
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Мейірб кезең-1
КАП-каз, КАП-каз, КАП-каз
7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.



7.2. Мақсаты:Студенттерге жүрек - қантамыр жүйесінің аурулары кезіндегі реабилитацияны оқыту.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. Ишемиялық жүрек аурулары, миокард инфарктты, кардиохирургиялық араласудан соң операциядан кейінгі кезен кезінде пациент күтімінің негізгі принциптері.

2. Ишемиялық жүрек аурулары, миокард инфарктты, кардиохирургиялық араласудан соң операциядан кейінгі кезең кезінде науқастың реабилитациясы.

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді.

Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: Ішкі Ортаңғы сыртқы

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады — фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.

Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық.

Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.



Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

Хирургиялық операция - бұл науқастың ұлпалары мен мүшелерін зақымдай отырып орындалатын емдік - анықтамалық іс - әрекеттер. Хирургиялық операцияның міндетіне асқынған сұйықтықтарды шығарып іріңді ағызу, сарсулы қуыстар, ұлпалар мен мүшелерден ағзаға тыс заттарды, сүйектің ұсақ сынықтары, оқ кесектерін, бытыраларды алып тастау, зақымдалған ұлпалар мен мүшелерді жартылай алып тастау, асқазан, өкпе, ішек, (резекция) т.б. өт қабын алып тастау, ұлпалар мен мүшелердің арасындағы анатомиялық бүтіндікті қалпына келтіру, жараны алғашқы хирургиялық өңдеу, жарыққа жасалған операция немесе қызметі жағынан тиімді анатомиялық байланыстар жасау - өңештің, асқазан қалтқысының (привратник), ішектің түйілуінде айналма байланыстар (анастомоз) салу, т.б. жатады. Операциялық жарақаттың түріне қарай хирургиялық операциялар қанды және қансыз болып бөлінеді. Қанды операцияларда ағзаға жара салынады, ал қансызда - тері мен кілегей қабықшаның бүтіндігі бұзылмайды. Қансыз операциялар аз жасалады. Оның қатарына шыққан мүшелерді қалпына келтіру, сынықтарды салу, ағзаларға (өңеш, қынап, ішек, несеп жолы, т.б.) түтік-буж салу, катетеризация, табиғи тесіктер арқылы бөгде заттарды алып тастау, эндоскопиялық зеріттеулер жатады. Қажеттілігіне байланысты хирургиялық операциялар емдік және диагностикалық болып бөлінеді. Егер де диагностикалық операция кезінде асқынған ауру табылса, онда басында диагностикалық болып басталған операция кейінірек емдік болып жалғастырылады, бірақ өзгерістің жайылып кеткеніне байланысты бұл операцияны толығымен жасауға мүмкіндік болмайды. Мұндай кезде диагноз қоюмен ғана шектеледі. Емдік операциялар көлемі мен маңызы жөнінен көлемді, толық (радикальная) және шектелген, толық емес (паллиативная) болып бөлінеді. Көлемді, толық операцияларда асқынған ауру өзгерістері алынып тасталса, шектелген операцияларда науқастың жағдайы жеңілдетіледі, бірақ негізгі асқынған өзгерістер ағымына онша әсер етпейді. Шектелген операцияның мысалы ретінде асқазан қатерлі ісігінде жасалатын айналма асқазан-ішектік байланысты (обходной гастро-энтероанастомоз) айтуға болады. Осы операция асқазан қалтқысының қатерсіз ісігі әсерінен тарылуында жасалса, онда бұл операция толық болып табылады. Сонымен, операцияның толықтығы хирургиялық операцияның көлемі мен түріне ғана байланысты емес, аурудың даму сатысы, кезеңі және түріне де байланысты болады. Сонымен бірге операциялар алғашқы және екінші кезектегі болып бөлінеді. Алғашқы операция жасауға жарақаттың немесе аурудың барлығы себеп болса, екінші кезектегі операциялар асқынуларды емдеу үшін жасалады. Мысалы: аяқ-қол артерия тамырларының эмболиясында жасалатын эмболэктомия операциясы алғашқы операцияға, ал эмболиядан кейін қоректілік жетіспеушілігінен болған шіруде жасалатын аяқ-қолды кесіп алып тастау операциясы (ампутация)- екінші кезектегі операцияға жатады. Операциялық жарақаттың ауырлығы мен оның ұзақтығына байланысты операциялар үлкен және кіші болып бөлінеді. Негізінде кіші операция, - деп емхана - амбулатория жағдайында жасалатын шағын, жарақатсыз операцияларды атайды. Бірақ, сонымен бірге бұл операцияға басқаша көзбен қарауға да болады. Кез-келген операцияның науқас үшін қауіптілігі бар. Бұл қауіптіліктер мыналарға байланысты: шокты тудыруы мүмкін, ауырсыну, қан ағу мен жараның қоздырғыштармен ластану мүмкіншілігі пайда болады. Кейбір қауыпті жағдайлар көбінесе қолданылған жансыздандыруға, тоңазуға, психалық жарақатқа, т.б. байланысты болуы мүмкін. Осы айтылғандарды естен шығару кейде ең кішкентай операцияның өзін асқындырып, қауыпті етуі мүмкін. Жараға қоздырғыштардың түсу-түспеуіне байланысты хирургиялық операциялар асептикалық, асептикалық емес және іріңді операциялар болып бөлінеді. Асептикалық емес операция деп – жараға инфекция түсірмей, таза жасауға мүмкіндік болмаған жағдайды айтады (тік ішекке, ауыз қуысына, т.б. жасалған операциялар), ал іріңді операциялар деп - іріңді, анаэробты қабынулар бар ұлпаларға жасалған операцияларды атайды. Кез - келген қанды (кровавая) операцияның жасалуында үш кезеңді бөліп атауға болады: Хирургиялық тілу және кесу (оперативный доступ). Осы тәсілдер арқылы хирургиялық операция жасауға керекті мүшені не ұлпаны ашып, ажыратып, салыстырады, аурудың орналасқан жерін анықтайды. Оперативтік тәсіл - ұлпаға, мүшеге, сүйекке, т.б қол күшімен, құрал-аспаптармен жасалатын емдеу шаралары (манипуляция). Қортынды іс - әрекеттер (заключительные мероприятия) операция кезінде жарақаттанған ұлпалардың, ағзалардың бүтіндігін анатомиялық - физиологиялық қалпына келтіру, сұйық өткізгіштер (дренаждар) салу. Хирургиялық операцияның негізгі кезеңі - опреативтік тәсіл, бірақ жақсы хирургиялық тілу мен кесу әрекеті болмайынша (оперативный доступ) оған қол жеткізуге мүмкіндік жоқ. Хирургиялық тілу мен кесудің көлемі - жараның шеттері мен оның ең терең нүктесін қосатын сызықтардың арасындағы бұрышқа тең (операциялық қимылдардың бұрышы). Бұл бұрыш үлкейген сайын жарақаттау күшейе түседі. Ал бұрыштың кішкентай болуы операция жасалауын қиындатады, ал ол болса операцияның ауыр жарақаттылығы мен уақытын арттыра түседі, осыған байланысты операцияның сапасы нашарлайды. Егер хирургиялық операцияның барлық үш кезеңі бірінен кейін бірі рет - ретімен жасалатын болса, онда бұл операция бір кезеңді (одномоментная) - деп аталады. Егерде кезеңдердің арасында үзіліс болатын болса, мұндай операция екі кезеңді, - деп аталады. Екі кезеңді операциялар операциялық жарақаттың қауыптілігін азайтуға бағытталған, өйткені екінші кезеңге дейін науқас бірінші кезеңде жасалған жарақаттардан жазылып үлгереді (екі кезеңді простатэктомия, торакопластика, өкпе аурулары кезінде өкпе артериясын байлап тастау, т.б). Операциялық тәсіл мен соңғы іс әрекеттер арасында үзіліс жасай отырып жасалатын екі кезеңді операция операциялық жараның қоздырғыштармен ыластануының алдын алуға бағытталады. Жасалу уақытына қарай операциялар төтенше (экстренная), жедел (неотложная) және жоспарлы (плановая) болып бөлінеді. Шұғыл (экстренная, срочная) операциялар - бірден, тез арада жасалу керек, себебі операцияны бірнеше сағат немесе тәулікке кешіктіру адам өліміне әкеліп соғуы немесе операциядан кейінгі кезеңнің болжамын аскындыруы мүмкін. Әсіресе қан кеткенде, тұншығуда, жедел хирургиялық ауруларда, соның ішінде қуыс мүшелер тесілгенде, жараланғанда, т.б жасалатын операциялар жатады. Жедел операциялар (неотложная) аурудың тоқтаусыз дамуына байланысты ұзақ уақытқа қалдыруға және кешіктіруге болмайтын операцияларды атайды. Бұл - қатерлі ісіктерде, т.б жасалатын операцияларды қамтиды. Жоспарлы (плановая) операцияларды кез-келген уақытта, науқастың денсаулығына зиян келтірмей жасауға болады. Операция жасауға арнайы дайындығы бар немесе мамандығы осы бағытты да қамтитын дәрігерлерге рұқсат етіледі. Бірақ, мамандығына байланыссыз кез-келген дәрігер жасауға міндетті операциялар бар. Олар - трахеостомия, әйелдің босануына көмектесетін, т.б. қансыз операциялар. Операция жақсы өту үшін және кейінгі кезеңде асқыну болмас үшін науқасты операцияға қалай дайындау керектігін білу керек. Операцияға байланысты дәрігер екі мәселені шешу қажет: біріншісі-операция жасауға болатынын немесе болмайтынын анықтап, операцияны техникалық жағынан дұрыс орындау; екіншісі-дұрыс емдеу мен күтім жасай отырып, асқынулардың алдын-алу. Операция жасауға болатынын, болмайтынын анықтау - қиын жұмыстардың бірі. Ол үшін дәрігер науқастың жалпы жағдайын, жасына, жынысына байланысты ерекшеліктерін, негізгі жүйелердің жағдайын, негізгі аурудың күрделілігін, қосалқы аурулардың барлығын толығынан анықтап, зеріттеуі керек. Н.И.Пирогов өзінің «Хирургиядағы бақыт» деген еңбегінде операция жемісті болу үшін қандай нәрселерді орындау керектігі туралы өзінің ойын айтқан еді. Біріншісі – науқастың жағдайын, ауруын дұрыс анықтадым, - деген сенімділік. Екіншісі - операцияны тым ерте, не тым кеш жасамау, науқасқа сөзбен жақсы әсер ету, оның жазылып шығатынына сенімділікті арттырып, қорқынышы мен сенімсіздігін жою. Үшіншісі – операцияны шебер жасап қана қоймай, кейінірек болуы мүмкін асқынулардың алдын алу шараларын операция кезінде - ақ жүргізу. Төртіншісі – операциядан кейінгі емдеуді барлық білімі мен іскерлігін пайдалана отырып жүргізуі керек. Операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдер біртұтас жұмыстың бір-біріне әсер ететін бөлек-бөлек кезеңдері болып саналады. Хирург операцияға дейін, операция кезінде, операциядан кейін мынандай шарттарды орындауы керек: Науқастың шыдамдылығын, оған операция жасауға болар - болмасын анықтау. Науқастың шыдамдылығын арттыру. Жансыздандырудың неғұрлым зиянсыз тәсілін таңдап алу. Асқынудың алдын-алуға бағытталған шараларды орындай отырып, операцияны дұрыс жасау. Операциядан кейінгі кезеңде негізгі аурудың, операциялық жарақаттың асқынуларының алдын алу. Шыдамдылық пен төзімділік негізгі жүйелер қызыметінің бұзылу деңгейіне байланысты қалыптасады. Ол әр түрлі шартты жүйелердің (тестовые методы) көмегімен анықталады. Функционалдық анықтама (диагностика) үшін зақымданған мүшенің атқаратын қызыметін, олардың әр түрлі күштерге жауап беру қабылетін анықтау керек. Олар: физикалық күштердің – жүрек - қантамыр және тыныс алу жүйелеріне әсері, қоректік (ішкен аспен қалыптасқан) күштердің ас қорыту жүйесіне әсері, бүйрекке байланысты сұйық шығару әсері, дене қызуына жылу көздерінің әсері, т.б. зеріттелуі қажет. Кез - келген жүйенің атқаратын қызыметініњ жетімсіздігі үш деңгейде болады. Бірінші деңгейі – денедегі бұзылыс тыныштық жағдайында байқалмай, үйреншікті күнделікті түсетін салмақтан көрінеді. Екіншісі – денедегі бұзылу кез-келген ауыртпалық түскенде көрінеді. Үшіншісі – денедегі бұзылу тыныштық жағдайында да байқалады. Кез-келген маңызды жүйенің үшінші дәрежелік деңгейдегі жетімсіздігі тек жедел (неотложная) операциядан басқа ештеңе жасауға мүмкіндік бермейді. Жүрек – қан тамырлар жүйесі. Жүрек пен қан тамырлары қан тасымалдау қызыметін атқарады. Жарақат, қанның ағуы, жергілікті тоңазу, психикалық әсерлер, наркотикалық заттарды қолдану, т.б. бәрі бұл жүйеге қосымша салмақ түсіреді. Сондықтан, хирург бәрінен бұрын жүрек пен қан тамырларының жағдайына көңіл аударуы керек. Сырқатнама жинағанда стенокардия ұстамалары болған ба, жүргенде ентікпей ме, басы айналмай ма, түңгі кіші дәреті қандай, т.б. біліп алған пайдалы. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің жағдайын дәл анықтайтын тәсіл болып қан айналысының минуттық көлемі (ҚАМК) болып табылады. Өлшеу Старр формуласы бойынша жүргізіледі: СК=100+0,5 х ПҚ-0,6 х ДҚ-0,6 х Ж ҚАМК=СК х ПЖ СК - систолиялық көлем (милилитрде) ПҚ - пульстық қысым ДҚ - диастолалық қысым Ж - жасы (жылмен есептеледі) ПЖ – пульс жиілігі Егер СК белгілі болса, оны ПЖ - не көбейтеді де ҚАМК - ін табады. Науқастың ҚАМК -ін анықтайды да, оны қалыпты жағдайдағы ҚАМК-мен салыстырып, ауытқу пайыздығын табады. Сау адамдарда ҚАМК салмақ түсірілгеннен кейін 30%-ға көтеріліп, қалпына келеді. Жүрегі ауыратын адамдардың ҚАМК- нің жоғарылауы 30%-дан төмен болады. Ортостатикалық сынақ – пульс пен қан қысымын алдымен науқасты жатқызып, соңынан тұрғызып есептейді. Жатқан адамдар І минут бойы тізелерін бүгіп қимылдайды. Жүре алатындар 10 рет отырып, тұрады. Сау адамдардың пульсі тұрғанда 5 соққыға жиілейді, қан қысымы 10-15 мм.сын. бағ. артады. Егер ауытқулар бұдан жоғары болса, операциядан кейін талма (коллапс) болуы мүмкін, сондықтан науқас тосын, оқыс қимылдар жасамауы керек. Тыныс алуға салмақ түсіріп, тексерілетін әдістер (пробы с дыхательной нагрузкой). Штанге әдісі – үш рет дем алғаннан кейін тыныс алуды дем алудың (вдох) соңында тоқтату керек. Қалыпты жағдайда адам 45-60 сек тыныс алмай тұра алады. Дені сау қарияларда бұл уақыт 50%-ға қысқарады. Сообразе әдісі – үш рет терең дем алып, дем шығарғаннан кейін тыныс алуды дем алудың соңында тоқтатады. Қалыпты жағдайда – 32сек. ЭКГ-сы өзгерген адамдардың 10% операциядан кейін қайтыс болады, ЭКГ-сы қалыпты жағдайдағы адамдардың тек 0,7% қайтыс болады. Тахиқардияның, жаңа инфарктың, атриовентрикулярлы жетіспеушіліктің (блокада), жастарда оттегі тапшылығының болуы операция ағымына үлкен әсер етеді. Сондықтан, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызыметін толығынан зеріттеуде фонокардиография, эхокардиоскопия, салыстырмалы ЭКГ-ның, кардиолог мамандардың жүйелі зеріттеулері өте қажет. Тыныс алу жүйесі. Жүйенің қызмет жағдайы тыныс алу жиілігіне, пульске, түсірілген салмақтан кейінгі ентікпеге қарап анықталады. І-нші дәрежелі жетімсіздік: Түсірілген физикалық салмақтан кейін тыныс алу жиілігі минутына 24-ке дейін жиілейді, тамырдың соғуы (пульс) өзгермейді. Қалыпты жағдайға 3-5 мин кейін келеді. II-нші дәрежелі жетімсіздік: тыныс алу жиілігі минутына 28-ге дейін, тамыр соғуды да жиілейді. Жеңіл көкшілдену (цианоз) қалыптасады, қалыпты жағдайға келуі баяулау жүреді. ІІІ-нші дәрежелі жетімсіздік: жүрек пен өкпеден басқа мүшелердің барлығына операция жасауға болмайды. Жүрек пен өкпеге жасалған операциялар бұл мүшелердің қызметін жақсартуы мүмкін. Тыныс алу жүйесінің атқаратын қызметін нақты анықтау спирографтың көмегімен жүзеге асырылады. Науқастың негізгі зат алмасуын (НЗА - основной обмен) анықтайды. Содан кейін НЗА-дың көрсеткіштерінің көмегіне сүйене отырып Ю.Я.Агаповтың кестесі бойынша керекті көрсеткіштерді анықтаймыз: Тыныс алудың минуттық көлемі (ТАМК- МОД) Минуттық альвеолярлық (вентиляция) газ алмасу (МАГА) Оттегініњ сіңірілуі (ОС) Өкпенің жоғарғы деңгейдегі тыныс алуы (максимальная вентиляция) (ӨЖДТА) Тыныс алудың қосалқы мүмкіншіліктері (ТАҚМ – Резервное дыхание – РД) Өкпенің тіршілік сыймдылығы (ӨТС) Қосымша қосалқы ауа (ҚҚА) Тыныс алуға қатысатын ауа (ТАҚА). Науқастың осы көрсеткіштерін анықтап, оны 100 %-ға деп алып, ауытқуларды пайыз бойынша есептейді. Тыныс алудың сапасы 02-ніњ сіңірілуге және МАГА-ға байланысты болады. Қалыпты жағдайда 02 сіңіру - 35-40 мл/литрге тең. МАГА-ды газ алмасу көлемінен «зиянды кеңістікті» алып тастап оны тыныс алу жиілігіне көбейту арқылы табады. «Зиянды кеңістік» ер кісілерде-150 мл, әйел адамдарда –100 мл. Өкпенің қай айналысын Старр кестесі бойынша қанның минуттық көлемінің көмегімен анықтайды. Қанның минуттық көлемінің (ҚМК) ұлғаюы толықтыру (компенсация) мүмкіншілігінің барлығын, ал төмендеуі қан айналысының бұзылғандығын көрсетеді. Тыныштық жағдайында ҚМК/МАГА=1. Зәр шығару жүйесі – зәрдің жалпы құрамдық көрсеткіштерін, Зимницкий тәсілін, құрғақ тамақ және көп сұйықтық ішу арқылы жасалатын, рентген, ұсақдыбыстық, радиоизотоптық, урологиялық тексеру әдістері жүргізіледі. Асқорыту жүйесі – бауырдың, ұйқы безінің қызыметін биохимиялық және ұсақдыбыстық зеріттеулермен анықтау қажет. Қанның жалпы құрамдық, қан ұйыту мен фибринолиз (фибрин еріткіш – фибринолиз) жүйелерінің көрсеткіштерін, дененің негізгі биохимиялық құрылымдарын, қан тобын, резус фактор, адамдағы иммундық тапшылық вирусын (АИТВ), Вассерман сынағын, т.б. анықтауларға зеріттеулер жүргізу керек. Хирургиялық операцияға дайындау. Операцияға дейінгі кезеңде ағза жүйелері қызыметінің бұзылуын анықтап, оны жөндеп қана қоймай, сонымен бірге операциялық жараның инфекциямен ыластануының алдын алу да керек. Операцияға дейінгі кезеңнің ұзақтығы науқасты операцияға алу жылдамдығына, науқастың жалпы жағдайына және жасалатын операцияның көлеміне байланысты болады. Мысалы: ішектің жедел түйілуінде, жедел аппендицитте, жатырдан тыс жүктілікте операцияға дейінгі кезең ұзақ болмайды, өйткені бұл сырқаттар тез дамиды да, науқастың өміріне қауіп тудырады. Ал өкпе, өңеш, асқазан ісігі бар науқастарды операцияға дайындау 3-5-10 күнге дейін созылады. Операцияға дейінгі кезеңнің негізгі басты міндеті - операция кезіндегі және кейінгі күндердегі қауыптілігін азайту. Сондықтан да, операцияға дейінгі мен кейінгі кезеңдердегі асқынулардың алдын алуға бағытталған іс - әрекеттер жүйелі операция алдындағы дайындық, - деп аталады. Хирург кез-келген операцияның қауыптілігін естен шығармай, әр науқасты операцияға ұқыпты, дербес (индивидуально) дайындауы қажет. Операцияға дайындықта тек науқасты дайындау ғана емес, сонымен бірге хирургтің өзі мен операциялық бөлменің дайындығы да қажет болады. Операцияның негізгі қауыпті көріністері: Операция кезінде қан ағу, жедел қан аздылықтың дамуы. Жүйке жүйесін шамадан тыс қоздырудан болатын операциялық шок. Кез-келген қуыста операциялық жараның инфекциямен ластануы. Операция кезінде маңызды мүшелерді кездейсоқ жарақаттау мүмкіншіліктері. Жансыздандыруға байланысты қауыпті кездейсоқ жағдайлар. Операция кезінде қан құйып, қанның құрамын, қан қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек-қан-тамыр жүйесінің қызыметін барынша көтеруге тырысу керек. Жүйке жүйесін шамадан тыс қоздырудың әсерінен болатын операциялық шок операцияны қиындата түседі. Операциялық шоктың туу қауыптілігі мен ішкі уландыруды (эндотоксикоз) төмендетуге, ағзаның жүйелері мен мүшелерінің жұмысын жақсартуға тек жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетумен және созылмалы қаназдылықты бәсендету арқылы қол жеткізуге болады. Операциялық жараға инфекция түсірмеу үшін инфекцияның ішкі (эндогенный) және сыртқы (экзогенный) екі көзі бар екендігін естен шығармау қажет. Сыртқы инфекцияның қалыптасу жағдайларын азайту үшін асептика ережелерін тыянақты орындау керек. Ішкі инфекцияның қауіптілігін төмендету үшін, ауыз қуысының, мұрын, жұтқыншақ қуыстарының (аденоидтар), созылмалы баспа (ангина), терінің іріңді бөртпелері (пиодермия), сыздауық, шиқан, т.б. созылмалы іріңді қабынуларын емдеу керек. Емдеуге тіс, құлақ-көмекей-мұрын, тері аурулары, гинеколог, уролог, т.б. мамандарды қатыстыру қажет. Науқастың терісінде жақында ғана жазылған жаралар болса, олар операцияны 2-4 күнге кейінге қалдыруды қажет етеді. Бұл кезде операцияның қауыптілігі азаяды. Мұндай жаралардан төмендегідей қауыптілік қалыптасуы мүмкін: жаралар жазылғаннан кейінгі бірер аптада лимфа түйіндерінде қоздырғыштар көп кездеседі. Олар әр түрлі ісінді асқынулармен қоса тіпті сепсистің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Операцияға дайындағанда ескі тыртықтарды, жабысқан жерлердегі (спайки) «тыныш жатқан» (дремлющая) инфекцияны да жою керек. Өйткені, операция кезінде осы жерлер жарақаттанатын болса операциялық жара қоздырғыштармен зақымдалады. Сондықтан да мұндай асқынулардың алдын алу үшін кез-келген операция алдында және операциядан кейін бактериологиялық сынақтар нәтижелеріне сай антисептиктер, антибиотиктер, жетілдірілген қарқындағы емдеу тәсілдерін жүргізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет