«Мейіргер ісі» мамандығы. Кеше және бүгін
Бүгінде, жарқын болашақ үшін Қазақстанымыз үшінші модернизацияға қадам басты. Үшінші модеренизация - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік». Бұл, Елбасы Жолдауындағы — еліміздің ары қарайғы дамуының алғышарттарын көрсететін және қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат. Бүгінгі жастар мынадай ерекшеліктермен айқындалады: Олар - жаңа формат адамдары; Ой санасы жаңашылдыққа икемді; Екі, үш, одан да көп тілді меңгерген; өзгеріске бейім, темірдей тәртіпке ие; әрі өз-өзін үнемі жетілдіріп отырады; Өз елінің тарихын, мәдениетін жетік меңгерген, әрі құрметтейді. Әлемді жақсылыққа бастар күш-қуатқа толы бүгінгі қазақстандықтың портреті осындай. Дамушы елге батыл да, білімді, шұғыл шешім қабылдай алатын кәсіби маман қажет. Сонымен қатар, бүгінде ІТ-(ағыл.ақпараттық технология) технологиясын жетік білу, заман талабы. Осы талаптарға сай болашақ білімді, шебер, жауапты, мейірімді, дер кезінде көмек беретін, қамқор жас маман мейіргерлерді дайындаудамыз. Осындай жеке қасиеттер әр мейіргерлердің бойында болуы керек. Қазіргі кездегі мейіргерлер рақымшылығы әлдеқайда толықтырылған – оған ойлау, қызмет істеу, басшылық ету, оқыту, түрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік арта білу т.б. шеберліктер қажет. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуорпалық аймақтық бюросының анықтамасы бойынша «мейіргердің басты міндеті – адамдарды, отбасыларды, халықты физикалық, психикалық, әлеуметтік потенциалын жүзеге асыруға үйрету». Мейіргер манипуляция техникасын аса шеберлікпен меңгеріп, емделушіге сырқаттың себебінен пайда болған күйзелістен шығуына психологиялық көмек көрсете алмаса, күтімнің мақсатына жете алмайды. Мейіргер маманның барлық мамамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады, сондай-ақ қоғамның да маман алдында этикалық принциптері болады. Дәрігер науқасты емдейді, ал мейіргер күтім жасайды. Мейіргер өзінің кәсіптік іс-әрекеттерінің негізі ретінде кез келген жағдайда емделушінің ықыласын қорғау мен мейіргерлік істегі үздіксіз прогресті қолдану антын қояды. Ал қоғамның мейіргер алдындағы міндеті – анық регламентацияланған заңды актілер көмегімен мейіргерге әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету, кәсіптік мансап пен кәсіптік дәрежеге жету мүмкіндігін тудыру.
Бірінші міндет – жеке тұлғаны сыйлау. Ол дегеніміз, мейіргерлік күтімді толық көлемде қабылдауға; Ауруды емдеу жолдары және күту туралы дұрыс мәлімет алуға; Құпияға; Күтім мен емге белсенді қатысуға; Болашақ тағдырын еркін таңдауға; Емдеу барысында мейіргер емделушіге өз құндылығын түсінуге көмектеседі. Оның барлық проблемаларының шешу жолдарын қарастырады, кейін не мақұлдамай, не айыптамай емделушінің шешімін өзі қабылдайды. Жеке тұлғаның автономиясын сыйлап, мейіргер кеңес бермейді, ол тек хабарлап және қолдап отырады. Екінші құндылық – идеалдар, күткен мақсаттар. Мысалы: денсаулық, үйлесімділік, қамқорлық, тәуелсіздік, жайлылық.Үшінші құндылық – мейіргердің жеке басындағы қасиеттері. Флоренс Найтингейл дәуіріне дейін мейіргерлерге сипаттама беру үшін сау, құдайшыл, таза, еңбексүйгіш, ынталы, жайдары деген эпитеттер қолданылған. Ал, мейіргерлер қоғамының бастығы Екатерина Бакунина «Біздің арманымыздағы бикелер – аурудың жұбатушылары, олардың сұраушылары, бөтен госпитальдарға ыстық қатысу сезім мен ақ ниеттілікті енгізетін бикелер» деген еді. Мейіргер мамандығының маңызына байланысты халықаралық ынтымақтастықта ғылым мен білімді жаңғырту да бүгінгі күннің талабына айналды. 2016 жылдан бастап, Қазақстан Финдермен одақтаса отырып, медицина саласында жаңа модель құрастыруда. Бұрын, орта дәрежедегі мейіргер болса бүгінде – медициналық білім беру мекемелеріне «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қолданбалы бакалавр дәрежесін оқыту енгізілді. Бакалавр дәрежесіндегі мейіргер денсаулық сақтау саласында мансаптық дәрежелерін көтеруге қол жеткізеді. Бұл реформа Қазақстан халықына көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік беруге негізделген. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады. Мейіргер өз мамандығының науқастың сауығып кетуіне маңызды екенін, алдымен қамқорлықтан басталатынын, қаншалықты адам денсаулығы үшін қажет екенін жақсы түсінеді, көрсете біледі.
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі
«Мейіргер ісі» бөлім меңгерушісі: Тулентаева Асылзат Алибековна
Достарыңызбен бөлісу: |