«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет125/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1

Науқастың іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.

  3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

  4. Салфеткаларды кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

  6. Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынанұстаңыз.

  7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

  8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

  9. Контейнерді қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

  10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  11. Киініңіз

  12. 3әрі бар контейнерді мейіргерге беріңіз.



Ескерту:

  • зәрді биксте жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

  • материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

  • зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

  • егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.


Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу
(еркектер үшін)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет