НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.
Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен)
тасымалдау
Іс-әрекет алгоритмі:
Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек
Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастын басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.
Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.
Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.
Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімщеге жіберілді деп хабар береді.
Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.
Жүруге қабілеті бар науқасты отырғыш- каталкамен тасымалдау
Мейіргер аяққа арналған тірегішті басып отырғыш - каталканы алға қарай енкейтеді.
Аяққа арналған тірегішке науқастын тұруын сұрайды, сосын оны ұстап, отырғышқа отырғызады.
Отырғыш-каталканы түпкі қалпына келтіреді
Тасымалдағанда қадағалайды. Науқастың қолы отырғыш- каталканың шынтақ сүйектін маңынан шықпауы керек.
ІV. Қауіпсіз ауруханалық орта
Науқасты Фаулер қалпына жатқызу
(жартылай жату және жартылай отыру қалпы
аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу бір мейіргермен орындалады.
Мақсаты: төсектегі науқасқа жайлы қалыпты жасау.
Қолдану көрсетілімдері: ойылудың даму қауіп-қатері, жеке бас тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі, төсекте дәрет сындыру, төсектегі еңжарлы және еріксіз қалыптағы науқас, науқасты тамақтандыру, тыныс алу және жүрек-қан тамырлар жүйелері аурулары.Дайындаңыз: жастықтарды, көрпеден жасалған валикті, табанға арналған тіректі, функциональды немесе жәй кереуетті. Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық жайлы жағдайды қамтамасыз етіңіз (палатаға бөтен адамдарды кіргізбеңіз).
Науқастың жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз. Кереуеттің тежеуін (тормозын) бекітіңіз (егер де ол болса).
Қолыңызды антисептикпентазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Мейіргер тұрған қыр жағындағы поручендерді түсіріңіз (егер де ол болса).
Кереуетті көлденең жағдайға келтіріп, науқасты кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.
Науқас кереуеттің ортасында арқасымен жатқанына көзіңізді жеткізіңіз, жастықты алыңыз.
Науқастың бас жағын 45-600 бұрышпен көтеріңіз (900 – жоғарғы Фаулер қалпы, 300 – төменгі Фаулер қалпы), немесе 3 жастықты салыңыз: кереуеттегі тік отырған адам Фаулер қалпында болады (жоғарлату қалпы өкпедегі ауа алмасуды жақсартады және науқастың қарым қатынасына ыңғайлы жағдай жасайды).
Білек пен қол ұшы астына жастықты салыңыз (егер де науқас ерікті қолын қозғалта алмаса). Білек пен қолдың білезік буын тұсы көтеріңкіжәне алақандары төмен қаратып орналасқан болуы қажет (төмен қаратып бағытталған қол ауыр қолдын әсерінен болатын иық буынының шығуын алдын алу ескерту, қол мен қол ұшының көк тамырындағы тоқталысты азайту үшін және бүгілетін бұлшық еттердің контрактурасын алдын-ала ескерту). Кереует үстіндегі үстелге жансызданған қолы үшін тірекпен қамтамасыз етіңіз, науқастың қолын тұлғасынан ысырып қойып, шынтақ астына жастықты қойыңыз. Қол ұшын аздап қана жазылдырып, қолдың астына жартылай кесілген резеңке допты салыңыз.
Науқастың белінің астына жастықты салыңыз (бел омыртқаларының бүгілісін азайту үшін және бел омыртқасын ұстауға).
Науқастың санының астына кішкентай көпшікті немесе валикті салыңыз (дене салмағы әсерінен болатын тізе буыны астындағы күре тамырдын қысылуын және тізе буынының қатты жазылуын алдын ала ескерту).
Науқастың сирағының төменгі бөлігіне бірнеше қабаттап салынған көрпені (валикті) немесе кішкене жастықты салыңыз (өкшені матраспен ұзақ қыспауын алдын ала ескерту).
Өкше астына кішкентай жастықты немесе валикті салыңыз (өкшеге матрацтың ұзақ қысуын алдын ала ескерту).
Аяқ басын ұстау үшін 900 бұрышпен тіректі қойыңыз (егер де қажет болса). Аяқ басының сыртқы бүгілісін ұстау үшін тірек қойылады, олардың «салбырауын» алдын ала ескерту. Егер де науқаста гемиплегия (дененің бір жақ жартысының салдануы) бар болса, онда оның табанын жұмсақ көпшікпен тіреу қажет. Қатты тірек бұндай науқастардың бұлшық ет күш қуатын көбейтеді.
Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз. Қырындағы тұтқаны көтеріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |