«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз. Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту



бет20/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1

Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.


Бит анықталған кездегі санитарлық тазарту


Мақсаты: аурухана ішілік жұқпаның таралуын алдын ала ескерту, жұмыртқаларды, сіркені және биттерді дененің шашты бөліктерінен жою.
Қолдану көрсетілімдері: бит және сіркенің болуы.
Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға жүргізуге тыйым салынады.
Дайындаңыз: биттеуге қарсы қолданылатын жиынтықты: медициналық халатты, орамалдарды, (полиэтилен, шүберек, сірке су қышқылының 6% ерітіндісін, тістері жиі тарақты, педикулицидтердің біреуін («Ниттифор», «Антибит» лосьондарын, «Педилин» сусабынын), дәке тампондарды, лупаны, қырыну кешенін, киім-кешекті, зарарсыздандыру камерасына жіберуге арналған қапты, клеенканы, резеңке қолғаптарды, цинкпен қапталған шелекті және астына қойғышты, стационарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы жедел хабар беретін форманы (Ф-058/у), жұқпалы ауруды есепке алатын журналды (Ф-060/у).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен жылы жүзді сенімді қарым қатынас жасаңыз.

  2. Емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  3. Үстіңізге қосымша халат, қолғапты киіңіз, орамал тартыңыз.

  4. Клеенка төселген кушеткаға немесе орындыққа науқасты (егер оның жағдайы көтерсе) отырғызыңыз. Иығын сүлгімен жабыңыз.

  5. Педикулоцидтердің бірімен ылғалдандырылған тампонмен бастың шашты бөлігінің шетінен бастап біртіндеп шашты өңдеңіз (молынан ылғалдаңыз).

  6. Басын полиэтилен орамалмен, оның үстінен шүберек орамалмен байлап қойыңыз, оны ұстайтын уақыт қолданылатын педикулициттердің түрімен байланысты.

  7. Шашты ағынды жылы сумен, содан кейін су сабынмен немесе сабынмен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  8. Шашты жылы 6% сірке су қышқылыерітіндісімен өңдеңіз, қайтадан басын полиэтилен орамалмен, үстінен шүберек орамалмен 20 минутқа байлап қойыңыз.

  9. Шашты ағынды жылы сумен шайыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

  10. Науқастың басын ақ қағаздың үстіне қисайтып, тістері араларынан сірке суымен мол ылғалдандырылған жіп өткізілген тістері жиі тарақпен 10-15 минут бойына шашты тараңыз.

  11. Дәке тампондарын, қағазды өртеп жіберу үшін шелекке тастаңыз.

  12. Науқастың және мейіргердің киім-кешегін қапқа салып, зарарсыздандыратын камераға жіберіңіз, ал тарақты, қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  13. Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетіне «Р» биттеу айқындалды деген белгі қойыңыз (күні, тазарту уақыты және мейіргердің қолы).

  14. Биттеген науқасты аурухананың қабылдау бөліміндегі жұқпалы ауруларды есепке алу журналына (Ф-060/у) тіркеңіз.

  15. СЭС-қа телефон арқылы биттеу туралы жедел хабар беріңіз, соңынан Ф-058/у жолдамасын толтырыңыз.

  16. Емдеу бөлімінде науқасты күнде тексеріңіз, егер бит табылса, қайталап санитарлық өңдеу жүргізіңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет