«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Рентгенологиялық кабинеті мейіргерінің іс-әрекет алгоритмі



бет141/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1
БЖБ 1 9 сынып Информатика, Күйістілер М,Т.А, 25 билет
Рентгенологиялық кабинеті мейіргерінің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.

  2. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.

  3. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейіргеррентген кабинетінен шығады.

  4. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.



Ескерту:

  • ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан:шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс соктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды алып тастаңыз;

  • тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.


науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау

Бүйректі және зәр бөліну жолдарын рентгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген.


Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция.
Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет