Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді.
Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз.
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.
Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз.
Дәрігердін тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз.
Күндіз 12 сағатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз.
18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз.
Кеште зерттеу қарсанында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында.
Тәнертен зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз.
Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін.
Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз.
Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі:
Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз.
Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз.
Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.
Ескерту:
ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды;
тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды.
Достарыңызбен бөлісу: |