Мейірбикенің міндеттері:
Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.
Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.
Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.
Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).
Қатты тамақтарда 60-тан 80% дейін су бар.
Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.
Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.
Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).
шығарылған зәр мөлшері · 100
ш ығарылуы % =
енгізілген сұйықтық мөлшері
Келесі формула бойынша су баланысына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.
Шығарылған сұйықтық мөлшерін қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.
Е \герде сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.
Егерде сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.
Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.
Нәтижесінің бағасы:
80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).
Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).
Кері су балансы (<70%) ісіктің көбейуін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |