Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.
35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.
Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз.
Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.
Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.
Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.
Шайді ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.
Құйғыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.
Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Гастростоманы күту
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.
Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.
Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.
Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).
Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).
Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |