Сублингвальды (sub lingua - тіл астына)
және трансбуккальды (ұртқа) енгізу жолы. Бұл
жолмен тек белсенді запар сіңіріледі. Мысалы, нитроглицерин. Бауырдан тыс, тіл
астындағы майда қан тамырларына сіңіріліп (әсері 1 -3 мин. соң басталады), одан ірі қан
тамырларға етеді, қан тамырларды кеңейтіп, жүректі оттегімен қамтамасыз етіп, жүректің
жұмысын жеңілдетеді.
Тікішекке енгізу жолы - (per rectum - тік ішек арқылы)
бұл жолмен суппозиторийлер,
дәрілік клизмалар және жағылмалар енгізіледі. Ауыз қуысы арқылы енгізу жолына
қарағанда әсері (әсері 15-30 мин. басталады) тезірек. Тік ішектен дозаның 50% бауырға
соқпай төменгі қуыс вена жүйесіне түседі, ал 50% қақпалық көктамырға түсіп, бір бөлігі
бауырда инактивацияланады (белсенділігі төмендейді). Ректальды жолдың кемшілігі: тік
ішекггің дәрілерге тітіркендіргіш әсеріне (проктит тудыру қаупі) сезімталдығы, сіңіру
бетінің ауданының аздығы, шырышты қабықшамен дәрінің жанасу уақытының аздығы,
сондай-ақ емдеу клизмапары үшін ерітіндінің көлемінің аз болуы (50-100 мл), ем-
шараларды жұмыс уақытында, жол жүргенде енгізудің ыңғайсыздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |