«Мейіргер ісінің негіздері»



Pdf көрінісі
бет11/92
Дата11.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#110845
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
мет МІН 3к каз 6сем

8.Ұйымдастыру кезеңі.

 35мин (6%)



 

 



Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.  

 



Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 

 



Сабақтың мақсаты мен міндеті. 

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

: 35 мин (15%)



 

10. Жаңа сабақты түсіндіру:26 мин (30%)  

Жоспар: 

-Наркотикалық дәрі-дәрмектерді сақтау. 

-Дәрілік заттарды сублингвальдық енгізі тәсілі. 

 -Ректалдық енгізу тәсілі. 

Дәрілік  заттарды  сақтауда  арнайы  талаптарды  сақтау  қажет  (температуралық  немесе 

жарық әсерін). 

1.  Енгізілуіне  қарай  сақтайды.  Парэнтеральді  жолмен  енгізілетін  дәрілер  процедура 

кабинетінде сақталуы қажет. 

2. Сыртқа қолданатын дәрілік заттар жеке шкаф сөрлерінде сақталуы қажет. 

3. Энтеральды жолмен енгізетін дәрілік заттар тағайындауына байланысты жүйелеп, жеке 

сақталады (антибиотиктер, САП-тар, витаминдер және т.б.) 

4. А тобына жататын дәрілік заттар сейфте сақталады. 

5.  Тез  бұзылатын  дәрілер  мұздатқышта  сақталады  (тұнба,  қайнатпалар),  олардың  сақтау 

мерзімі  3  күн.  Сонымен  қатар  мұздатқышта  арнайы  температураны  қажет  ететін 

препараттар  сақталады,  (вакциналар,  сывораткалар,  мазьдер,  тік  ішек  балауыздары  және 

т.б.). 


6.  Спиртті  тұнбалар  арнайы  флаконда,  тығыз  тығындалған,  жабық  болу  қажет,  себебі 

буланса олардың әсері жоғарлап және мөлшері көбеюі мүмкін. 

7.  Жарыққа  әсері  бар  дәрілік  заттар  арнайы  қоңыр  флаконда  шығады  және  жарық  жоқ 

жерде сақтайды. 

8. Исі өткір дәрілер жеке сақталады (йодоформ, лизол және т.б.). 

9. Дәрілік заттарды зарарсыздандыру ерітінділерімен бірге сақтауға болмайды. 

10. Сөрелердің артқы жағына үлкен флакондар және қорапшаларды қояды, себебі аттарын 

оқуға ыңғайлы. 

11.  Залалсызданған  ерітінділердің  сақтау  мерзімі  арнайы  флаконда  темір  қақпақшасы 

болса 10 күн, ол қағаз қақпақшалы 3 күн. 

12. Дәрілік заттардың сақталу мерзімі өтіп кетсе қолданылмайды. 

Сақталу мерзімі өткен белгілері: 

- залалсызданған ерітінділердің түсі, мөлдірлігі өзгерсе, тұнбалар пайда болса

- таблеткалармен ұнтақтардың түсі өзгерсе; 

- мазьдердің түсі өзгерсе; 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

13 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

- тұнба, қайнатпалар лайланса, түсі өзгерсе. 

Ескерту:Мейірбикенің құқы жоқ: 

- дәрілік заттардың қорабын ауыстыруға; 

- әр түрлі қорапшалардағы дәрілерді бір қорапшаға жинауға

- дәрілік заттардың жолдамасын ауыстыруға, өзгертуге

- этикеткасыз дәрілерді сақтауға. 

Наркотикалық дәрілік заттарды тіркеу және сақтау ережелері: 

1.  Наркотикалық  дәрілерді  дәріханадан  жазып  алуға,  арнайы  талап  қағазын  3  дана  етіп 

толтырып, онда мөр және бас дәрігердің қолы тұрады. 

2.  Наркотикалық  дәрілер  сейфте  сақталады,  ішкі  жағында  дәрілердің  мөлшері  жазылған 

журнал болады. 

3. Сейфтің кілті кезекші дәрігерде немесе мейірбикеде сақталады. 

4.  Наркотикалық  дәрілердің  тізімі  арнайы  журналда  жазылады.  Бұл  журнал  арнайы 

тігілген  және  әр  беті  саналған  (нөмері  қойылған)  болады.  Журналдың  соңғы  бетінде 

журнал бетінің саны көрсетілген жеріне жібтің соңы қағазбен жабыстырылады. Осы бетте 

бас дәрігердің қолы және мөр тұрады. 

5.  Наркотикалық  дәрілерді  тек  дәрігердің  қатысуымен  және  аурудың  даму  тарихына 

тағайындағаннан кейін ғана енгізеді. 

6. Қолданған бос ампулаларды тастамай, қолданбаған ампулалармен бірге өткізеді. 

7.  Кезекшілікті  өткізер  алдында  журналдағы  жазылған  тізім  бойынша  қолданған  ампула 

мен қолданбаған ампулалардың саны тексеріледі. 

Наркотикалық дәрілер («А») сейфінің кілтін беру дәптері. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет