«Мейіргер ісінің негіздері»



Pdf көрінісі
бет23/92
Дата11.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#110845
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92
Байланысты:
мет МІН 3к каз 6сем

8.Ұйымдастыру кезеңі:

35 мин (6%)  

 

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.  



 

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 



 

Сабақтың мақсаты мен міндеті. 



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

35 мин (15%) 



 

10. Жаңа сабақты түсіндіру

. 60 мин (30%)  

Жоспар 

-

Венаішіне тамшылатып дәрі құю техникасы.



 

-

Венадан қан алу.



 

-

 Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы. 



Көктамырдан қан алу техникасы. 

Науқастарда инъекция жасар алдында  қорқыныш сезімі  жиі орын алады.  

Инъекцияға  дайындау  барысында  науқасты    әңгімеге  тартып  байсалды  сұқбат  құру, 

ыңғайлы  жатқызу  (жайластыру),  инъекцияны  нықтап    орындау,  олардың  ауырсыну 

сезімімен  қатар  қорқыныш  сезімінде  бәсеңсітуге  көп  септігін  тигізеді.  Бұлшық  етке 

инъекция жасау кезінде науқас міндетті түрде  жатуы тиіс, өйткені тік тұрған қалыпта 

бөксе  бұлшық  еттерінің  тырысуы  ине  сынуының  бірден  бір  себебі,  әрі  науқас 

қорқыныштың әсерінен есінен танып қалуы мүмкін. 

Көктамыр ішілік тамшылы жүйені жинау техникасы. 

 Мақсаты: дәрілік заттарды көк тамырға ақырын, тамшылатып енгізу. 

Көрсеткіштері:  қан  шеңберлеріндегі  қанның  мөлшерін  толықтыру,  сулы-электролитті 

балансты қалпына келтіру, интоксикацияны азайту, парентаральды тамақтандыру.  

Дайындау  қажет:  бір  рет  қолданылатын  жүйе,  штатив,  астауша  (лоток),  70%  эти  спирті, 

мақта  шариктері,  дәрілер,  стерильді  қолғап,  бұрама(жгут),  клеенкалы  жастықша, 

лейкопластрь.  

Іс әрекет алгоритмі: 

•Қолыңызды жуып, қолғапты киіңіз; 

•Бір рет қолданылатын жүйені алып, герметикалығын және қолдану мерзімін тексеріңіз; 

•Дәрігердің  тағайындауы  бойынша  дәріні  алып,  дәрінің  атын,  мөлшерін,  енгізу  жолын, 

сақтау  мерзімін мұқият оқыңыз; 

•Флаконның металл қақпағын спиртке батырылған мақтамен бір рет сүртіңіз; 

•Қайшымен ашып, резеңке тығынын спиртке батырылған мақтамен бір рет сүртіңіз;  

•Крафт-пакеттегі жүйені алып, оның ұзын түтікшесінде орналасқан қысқышын жабыңыз; 

•Ұшында инесі бар қысқа ауа шығаратын түтікті алып, оны флаконның резеңке тығынын 

тесіп кіргізіңіз; 

•Флаконның түбін жоғары көтеріп, сол қолмен тамызғыштың бос жағын ұстап, флаконды 

штативке бекітіңіз

•Тамызғыштың  сүзгісін  көлденеңінен  ұстап,  қысқышты  ақырын  ашып,  ауаны  шығара 

отырып, сүзгіні жартылай және түтікті сұйықпен толтырыңыз; 

•Тамызғышты  тігінен  ұстап,  түтіктің  төменгі  жағындағы  ауаны  шығару  үшін,  егу 

жасайтын инеден ауасы бар сұйықтықты шығарыңыз;  

•Ұзын  түтіктегі  ауа  көпіршігінің  жоқ  екенін  тексеріп,  жүйе  сұйыққа  толғаннан  кейін, 

қысқышты және иненің қалпағын жауып, штативке іліп қойыңыз.  

Тамыр ішіне тамшылап құюдың техникасы. 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

22 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

•Пациентті жайлап жатқызыңыз; 

•Егетін жерді дайындап, қолмен басып көріңіз; 

•Шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз; 

•Иықтың 2\3 орта бөлігіне бұрама (жгут) салыңыз; 

•Пациентке  қолыңызды  ашып-жұмып  жұмыс  істеуін  сұраңыз,  содан  соң  жұдырығын 

қысып ұстайын сұраңыз; 

•Ине егетін жерді белгілейміз, спиртке батырылған екі мақта шаригін алып, біреуімен кең 

аймақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;  

•Жүйеге жалғасқан иненің қалпағын алып, ауасын шығарыңыз; 

•Иненің қиғын үстіне қаратып, оң қолыңызға алыңыз

•Сол қолдың бір саусағымен теріні тартыңыз; 

•Инені теріге паралель бағытта ұстап, иненің 1\3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз; 

•Иненің поршенін өзіңізге тартып көріңіз,  қан көрінгенде, резеңке бұрауды шешіңіз; 

•Пациенттің жұдырығын ашуын өтініңіз, оған әзірленген жүйені жалғаңыз; 

•Иненің үстінен лейкопластырьмен бекітіңіз; 

•Тамшының  ағу  жылдамдығын  дәрігердің  тағайындауы  бойынша  бұрамалы  қысқышпен 

реттеңіз; 

•Пациенттің жағдайын бақылап отырыңыз; 

•Процедура аяқталған соң, ине тұрған жерге үшінші маұта түйіршігін басып, инені алып 

шығыңыз, пациенттің қолын шынтаұ иініне 5-10 минуттай қысып ұстауын сұраңыз; 

•Қолданған құралдардың көзін жойыңыз

•Қолыңызды жуыңыз.  

Венозды  катетрлармен жұмыс істеу ережелері. 

Бұл процедураны жасау алдында: 

•Науқасты  психологиялық тұрғыда  дайындаңыз; 

•Ыңғайлы етіп отырғызыңыз немесе жатқызыңыз; 

•Шынтақ астына кленкалы жастықшаны қойыңыз; 

•  Венепункцияға  белгіленген  нүктеден  шамамен  5  см  жоғары    қол  қарына  резенкалы 

жгутты  байлаңыз  (оның  бос  ұштары  инъекция  нүктесіне  қарама  -  қарсы  жаққа  қарай 

бағытталуы  керек).  Жгуттың  дұрыс  байланғанын  тексеріңіз:  шыбық  артериясында  пульс 

өзгермеуі  тиіс  және  жгут  байланған  қолдың  төменгі    бөлігі  сәл  көгеріңкі  (цианозды) 

болуы керек; 

•Науқастан  жұдырығын  бірнеше  рет  ашып  -  жұмып,  соңында  қысып  ұстауын  сұраңыз. 

Шынтақтың  бүгілу аймағындағы толықсыған қан тамырын ұстап табыңыз; 

•Қан тамыры үсті және айнала терісін спиртке батырылған тампонмен жақсылап сүртіңіз; 

•Инъекция  нүктесінен  5  см  төменірек  көк  тамырды  және  жұмсақ  ұлпаны  сол  қолдың 

үлкен саусағымен  өзіңізге қарай кере тартыңыз; 

•Инені 45° бұрышты бағытпен, кесіндісін жоғары қарата, көк тамыр бойымен венепункция 

белгіленген нүктеден 1,5 см қашықтықта ұстаңыз(№10 сурет); 

•Сұйықтықты  инеден  тамшылатып  ағызып  көріңіз  (бұл  ауаның  жүйеден  толық 

шыққандығын  куәландырады,    ауа  эмболиясын  болдырмау  үшін  керек).  Сұйықтық    құю 

жүйе қысқышын жабыңыз; 

•Инені  тері  астына  енгізген  соң,  оның  бұрышты  бағытын  кішірейтіп,  теріге  параллельге 

жақын  бағытта  инені  көк  тамырға    бағыттап(№11а  сурет),    ұзындығының  1/3  бөлігін 

тамырға енгізіңіз(№11б сурет). Түтікте қан көрінгеннен кейін қысқышты ашыңыз; 

•Жгуты шешіп, науқастан жұдырығын ашуын сұраныңыз; 

 •Инені жабысқақ таңғыштың кесінділерімен берік бекітіңіз•  Сұйықтықтың 

ағу 

жылдамдығын (1минуттағы тамшы санын) реттеңіз; 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

23 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

•Ағу жылдамдығының тұрақты болуын қадағалаңыз

Көк тамырға тұрақты түтік  енгізілу тәртібі. 

 (а, б, в, г —текстте түсіндірілген). 

•Флаконда  сұйықтықтың    көлемі  кіші  мөлшерге  азайған    кезде,  ауа  көк  тамырға  енуін 

болдырмау  үшін  тоқтатыңыз.    1  мл-  дегі  тамшы  саны  сұйықтық  құю  жүйенің  типіне 

байланысты  болып  келеді,  жәнеде    қапталған  қапшықша  сыртында  көрсетілуі  тиіс. 

Мысалы,  қолданылатын  сұйықтық  құю  жүйе    үшін  1  мл-і  15  тамшыға  тең  келсе,  онда  

1000  мл  сұйықтықты    5  сағат  аралығында    шамамен  минутына  50  тамшы  

жылдамдығымен енгізу қажет;  

•Инфузия  аймағын үнемі бақылауға алыңыз,  бұл ұлпалардың ісінуін дер кезінде  байқап, 

сұйықтықтың тамыр  сыртына кетіп   жатқанын білдіреді. Бұндай жағдайда көк тамырға 

енгізуді тоқтатып, инфузияны басқа тамырға, жаңа стерильді инені қолданып өткізеді. 

Қол сырты көк тамырына тұрақты катетер  енгізілу тәртібі. 

Тұрақты қантамыр катетері  егерде емнің инфузиялық түрі немесе тамырішілік инъекция 

жиі қайталанған жағдайда қолданады.  

Бұл процедураға алдымен мына заттарды дайындап алыңыз: инфузиялық қан тамыр түтігі 

канюлясын,  дәрілік  затты,  тамшылатып  құюға  арналған  жүйені,  спиртке  малынған 

мақтаны, стерильді қолғап. 

Орындау үшін  төмендегідей әрекет жасаңыз:  

Канюляның бүтіндігі мен жарамды мерзімін тексеріңіз; 

•Стерильді қолғапты киіңіз; 

•Венепункция жасалатын қол сырты терісін өңдеңіз; 

•Каньюляны қорабынан алыңыз

•Каньюляның  тірек  пластинкасынан  немесе  тығын  тұсынан  II-ші,  III-ші  және  бас 

бармағыңызбен қыса ұстаңыз; 

•Теріге  және  көк  тамырға  еңгізіңіз  де,  қанның  индикатор  камерасына  ағуын  бақылаңыз 

(камерада қанның каньюлядан шығып кетуіне кедергі тығын болады); 

•Каньюляны сол қалыпында ұстай тұрып тамырға мұқиятпен жайлап тефлон катетртірін 

енгізіңіз;  

•Тефлон  катетрді  саусақпен қыса  баса  тұрып  инені  шығарыңыз  да,  дәрілік  ерітіндісі  бар 

сұйықтықтың құятын жүйені канюляға жалғаңыз; 

•Канюляны жабысқақ таңғышпен бекітіңіз; 

•Инфузия жылдамдығын реттеңіз; 

•Инъекция жұмысы аяқталысымен сұйықтық құятын жүйені каньюлядан ажыратыңыз; 

•Егер  науқасқа  инъекция  қайталанатын  болса,  каньюляны  алмай  оның  тесігіне  тығынын 

тығып қойыңыз;   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет