«Мейіргер ісінің негіздері»



Pdf көрінісі
бет46/92
Дата11.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#110845
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
Байланысты:
мет МІН 3к каз 6сем

8.Ұйымдастыру кезеңі:

35 мин (6%)  

 

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.  



 

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 



 

Сабақтың мақсаты мен міндеті. 



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:

35 мин (15%) 



10. Жаңа сабақты түсіндіру

. 60 мин (30%) 

Жоспар 

-Пациентті жасанды тамақтандыру. 

-Пациенттің төсегі мен ішкиімін ауыстыру. 

Қолдану көрсетілімдері:төсек тәртібінде жатқан, қал -жағдайы ауыр науқас. 

Дайындаңыз:сүлгіні,  салфетканы,  су  беретін  ыдысты,  сұйықтық  ішуге  арналған  түтікті, 

қасықты, тарелканы, жылы тамақты. 

Іс-әрекет алгоритмі: 

∙ Науқастан қандай тамақты реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұраңыз

∙ Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз, 

∙ Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, 

∙ Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немес сүлгімен жабыңыз, 

 Тубочкіге  немесе  кереует  жанындағы  кішкенен  үстелге  жылы  дайындалған  тамақты 

қойыңыз, 

∙  Науқасқа  ыңғайлы  жағдай  беріңіз,  отыру  немесе  жартылай  отыру(Фаулер  қалпын), 

науқастың  басын  көпшікпен  бірге  сол  қолмен  көтеріңіз  (егерде  отырғызу  мүмкіндік 

болмаса),  ал  оң  қолмен  қасықты  немесе  су  беретін  ыдысты  тамақпен  ауызына 

жақындатыңыз, 

∙  Науқасты  қасықпен  аз  мөлшерде  немесе  су  беретін  ыдыспен  кішкентай  жұтыммен 

тамақтандырыңыз, 

∙ Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз, 

∙  Сүлгіні  сумен  суландырып,  науқастың  еріндерін  және  иегін  сүртіп,  сонан  соң  сүлгіні 

құрғақ шетімен сүртіңіз, 

∙ Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орнындағы 

қиқымды қағып, науқасты ыңғайлы дәрежеде жатқызыңыз

∙ Қолыңызды жуып құрғатыңыз. 

Ескерту:егерде науқаста алмалы –салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен 

шайыңыз. 

Алі ауыр науқасты мұрын –асқазан сүңгісі яғни зонд арқылы тамақтандыру 

Мақсаты:жарақат, тілдің, жұтқыншақтың, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, 

жұтынудың  және  сөйлеудің  бұзылуы,  ессіз  жағдай,  психикалық  ауруда,  тамақтан  бас 

тарту, өңештің түйнелуі,  қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек  жолдарының 

операцияларынан кейін. 

Қарсы көрсеткіштер: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында. 

Дайындаңыз:  залалсыздандырылған  8-10  мм  Д  жіңішке  асқазан  сүңгісі,  200  мл  құйғыны 

немесе 

шприц 


Жанесі, 

салфеткаларды, 

фурациллин 

ерітіндісін, 

қысқышты, 

фонендоскопты,  3-4  стакан  жылы  сұйық  тамақты  (  600-800  мл  мөлшеріндегі),  лотокті, 

жабысқыш пластырді, қолғапты. 

Іс – әрекет алгоритмі: 

∙  Науқасқа  және  туысқандарына  емшараның  барысын  түсіндіріп,  олардың  келісімін 

алыңыз, 



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

51 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

∙ Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, 

∙Енгізетін  сүңгінің  ұзындығын  анықтаңыз:  сантиметрдегі  науқастың  бойының 

ұзындығынан 100 см алыңыз немесе күрек тістен асқазанға дейінгі аралық, сүңгіге белгі 

салыңыз, 

∙ Фурациллин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз

∙ Науқасты арқасынан жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, 

басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз, 

∙ Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз

∙  Төменгі  мұрын  жолы  арқылы  жіңішке  асқазан  сүңгісін  15-18  см  тереңдікке  енгізіңіз. 

Науқасты жоғарғы фаулер қалпын беріңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын, 

жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген 

белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз). 

∙ 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз. 

∙ Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз, 

∙ Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз), 

∙ Сүңгіге қысқышты салып, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз

∙  Сүңгіні  кесінді  бинтпен  бекітіп,  оны  науқастың  бетінің  айналасына  және  басына 

байлаңыз  (немесе  жабысқыш  пластырьмен  мұрынның  қырына  жабыстырыңыз).  Жане 

шприціне даярланған жылы, сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз. 

∙ Сүңгіден қысқышты алып, құйғыны немесе Жане шприцін сүңгінің бос шетіне оршенсіз 

жалғастырыңыз, оларды асқазан деңгейінде дейін түсіріңіз, 

∙  Құйғыны  немесе  Жане  шприцін  сәл  еңкейтіп,  оған  даярланған  тамақты  құйыңыз, 

ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының түбінде тамақ қалмағанша, 

∙ Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз, 

∙ Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз, 

∙Сүңгінің 

шетіне 


қысқыш 

салыңыз, 

құйғыны 

алыңыз. 


Сүңгінің 

шетін 


залалсыздандырылған  салфеткамен  ораңыз  келесі  тамақтанғанға  дейін  науқастың 

мойнына  ілгекті  бинтпен  бекітіңіз  (немесе  оны  науқастың  киіміне  түйреуішпен 

жапсырыңыз). 

∙ Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 

Ескерту: 

Жасанды  тамақтандырудың  барлық  кезеңінде  сүңгіні  2-3  аптадай  қалдырады,  шырышты 

қабықтың ойылуының алдын алу жүргізеді: 

∙ T-38-40 гр. су моншасында тамақты жылытады; 

∙ Егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады

 Егерде науқастың ес түсі болмаса, басын қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады; 

 Сүңгі кеңірдекке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, осындай жағдайда сүңгіні 

жылдам шығару қажет. 

Жасанды тамақтандыру ауыз қуысы, өңеш аурулары мен жарақаттарында, сонымен бірге 

науқас  ес  –  түссіз  жатқанда  іске  асырылады.  Көптеген  хирургиялық  паталогиялары  бар 

науқастар  операциядан  кейін  бірінші  күндері  аш,  немесе  жартылай  аштықта  болады. 

Кейбір  кездерде  хирургиялық  патологияның  түріне  байланысты  науқасты  аштықта 

ұстауға тура келеді. 

∙  Жасанды  тамақтандыру  -  тамақтық  тағамдар  көк  тамыр  –  вена  немесе  энтеральды  ( 

асқазан, ішек арқылы ) жолмен іске асырылады. 

∙  Энтеральды  тамақтандыру  –  асқазанға,  он  екі  елі  ішекке,  жіңішке  ішекке  зонд  қою 

арқылы  орындалады.  Зонд  ауыз  немесе  мұрын  арқылы  асқазанға  енгізіліп  немесе  стома 

арқылы тамақтандырылады. 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

52 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

Парентеральды  тамақтандыру  –  асқазан  немесе  өңешке  жасалған  операциялардан  кейін, 

көп  салмақ  жоғалтқан  және  әлсіз  науқастарға,  сонымен  бірге  операция  алдындағы 

дайындық  кезінде  іске  асырылады.  Сол  мақсатта  қолданылады:  гидролизин,  белоктық 

казеин, альвезин, амино-пептид, полиамин және т. б. Сонымен бірге майлы инфузиялар – 

липофун-дин, интралипид қолдануға болады. 

∙  Жоғарыда  көрсетілген  тағамдар  сулы  моншада  37  –  38  гр  С  қыздырылып,  науқасқа 

енгізіледі. 

∙  Препараттарды  енгізу  кезінде  тамшылау  жылдамдығын  сақтау  керек:  гидролизин, 

белоктық  казеин,  альвезин,  аминопептид,  полиамин  бірінші  30  мин  минутына  10  –  20 

тамшыдан, содан кейін минутына 40 – 60 тамшыдан тамызу керек. 

∙ Препараттарды жылдам тамшылатып енгізгенде науқаста діріл, қызба, бет қызару, тыныс 

нашарлап ентігу болуы мүмкін. 

∙  Майлы  эмульсилар  минутына  20  тамшыдан  енгізіледі.  10  %  глюкоза  1  сағатта  500  мл 

тамшылатып енгізуге болады. 

Ескерту:жылдам  енгізілгенде  амин  қышқылдары  денеде  қорытылып  үлгермейді,  май 

бауыр  жасушаларына  кері  әсер  етеді,  глюкоза  жылдам  енгізілгенде  гипергликемиялық 

кома дамуы мүмкін. 

Энтеральды  тамақтандыру  –  ол  үшін  тағамдық  препараттар:  «Малютка»,  «Малыш», 

құрғақ сүт қоспалары, энпиттер – инпитан, оволакт қолданылады. Тағамдар Жане шприці 

арқылы,  системалармен  және  әртүрлі  аппараттардың  көмегімен  енгізіледі.  Тағамдық 

қоспаларды  науқасқа  тағайындалған  емдәмді  сұйық  күйінде  дайындап,  оны  електен 

өткізіп гастростомаға шприц Жане немесе әйнектен жасалған құйғыш немесе түтікшелер 

арқылы стомаға күніне 4 – 6 рет енгізіледі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет