«Мейіргер ісінің негіздері»


Көктамырға егу жасау техникасы



Pdf көрінісі
бет18/92
Дата11.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#110845
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92
Байланысты:
мет МІН 3к каз 6сем

Көктамырға егу жасау техникасы

Көк  тамырға  егулерді  көбінесе,  жедел  көмек  жасағанда  қолданады.  Көк  тамырға 



енгізгенде ең тиімді әсер тигізетін дәрілерді және тек қана көк тамырға енгізуге болатын 

дәрілерді егеді.  

Мақсаты: дәрілік ерітіндіні көк тамырға жіберу. 

Кері әсері:  




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

18 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

•Дәрілік заттарға аллергиялық реакция болғанда

•Тері мен тері асты-майлы шел астының зақымдалуы

•Ине егілетін көк тамырдың флебиті (көк тамырдың қабынуы). 

Ине егу орындары: 

•Шынтақ иіні, білек, қол ұшының  беткі көк тамырлары;  

•Табанның беткі көк тамырлары; 

•Бас сүйек күмбезінің беткі күре тамырлары. 

Керекті құрал жабдықтар: 20,0 немесе 10,0 мл шприцтер, инелер, пинцеттер, лоток, жгут, 

бір  рет  қолданылатын  жүйелер,  стерильді  қолғап,  штатив,  қол  фантомы,  жастықша, 

залалсызданған мақта шариктері, 70% спирт, Дюфо инесі. 

Көк тамырға егуді орындау іс әрекет алгоритмі: 

1.Қолды гигиеналық деңгейде жуу, спиртке малынған мақта шариктерімен өңдеу керек. 

2.Залалсыздандырылған пинцетпен сыйымдылығы 10-20 мл шприцті құрастырыңыз.  

3.Екі ине дайындаңыз (біреуі дәріні сорып алу үшін, екіншісі – егу жасау үшін). 

4.Ампуладан  жазуын,  мөлшерін  оқып,  дәріні  сорып  алыңыз.  Аз  мөлшерде  қолданатын 

дәрілерді сорып алғанда (мысалы, жүрек гликозидтер – 0,1-ден 0,5 мл-ға дейін мөлшерде 

қолданады) – 20-40% глюкоза ерітіндісінің, изотониялық натрий хлорид ерітінідісінің, егу 

жасауға  арналған  судың  ерітікіштерін  қолданады.  Алдымен  жүрек  гликозидін  алып, 

сосын, ерітінді жақсы араласу үшін сұйылтуға арналған ерітіндіні аламыз. 

5.Инені ауыстырып, жалғастырып, оның өткізгіштігін тексеру керек.  

6.Стерильді қолғаптарды кию керек. 

7.Спиртке малынған 5-тен кем емес мақта шариктерін дайындаңыз. 

8.Емделуші шынтағының астына клеенкалы жастықшаны қойыңыз. Емделушінің иығына 

резеңке  бұрауды  байлаңыз  (шынтақ  иінінен  5  см  жоғары,  салфетканың  немесе  киімнің 

үстіне). Бұл кезде білек артериясының пульсі өзгермеуі қажет. Байлаған резеңке бұраудан 

төменгі жеріндегі терісі қызарып, көк тамыр ісінеді. Егер де білек артериясында пульстің 

толуы  азайса,  резеңке  бұрауды  кішкене  босатып  байлау  керек,  егер  де  көк  тамыр  

саусақтарға аз сезілсе, қолы қызармаса, резеңке бұрауды қаттырақ қысып байлау қажет. 

9.Емделушінің  жұдырығын  бірнеше  рет  ашып-жұмуын  сұрап,  сонымен  бірге  егу 

жасайтын жерін спиртке малынған бірінші мақта шаригімен сүртіңіз.  

10.Шприцті  оң  қолыңызға  ұстап,  иненің  өткізгіштігін  және  шприцтің  ішінде  ауа  жоғын 

тексеріңіз.  

11.Егу жасайтын жерді екінші мақта шаригімен өңдеңіз. 

12.Көк  тамыр  қозғалмау  үшін  сол  қолмен  шынтақ  иінінің  терісін  тартып  ұстаңыз. 

Емделушіні жұдырығын жұмуын сұраңыз. 

13.Қолда  шприцтің  қалпын  өзгертпей,  инені  тесігімен  үстіне  қаратып,  шприцті  теріге 

қатар  ұстап,  инені  3/1  ұзындығына  дейін  енгіземіз,  сосын  «қуысқа  түскенін»  сезгенше 

абайлап көк тамырды тесеміз. 

14.Поршеньді  өзіңізге  қарай  тартып,  ине  көк  тамырға  түскенін  тексеріңіз,  түскен  кезде 

шприцтің ішініе қан барады. 

15.Бос  жағын  өзіңізге  қарай  тартып,  резеңке  бұрауды  босатыңыз,  емделушіден 

жұдырығын ашуын сұраңыз.  

16.Шприцтің күйін өзгертпей, шприцтің ішінде 1 мл дәрі қалғанша, сол қолмен поршеньді 

басып, ақырын дәріні жіберіңіз. 

17.Егу  жасаған  жеріне  заласыздандырылған,  спиртке  малынған  үшінші  мақта  шаригін 

басып,  инені  шығарып  алыңыз.  Емделушіден  шынтағын  бүгуін  сұраңыз  (спирттелген 

мақтаны 5 минутқа қалдырып, 0,06% деохлор ерітінсіне малып қою керек). 



 


 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

19 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет