Қабілет дегеніміз не?
Ол – адамның бір іс - әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», — деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Адам психологиясындағы қызықты фактілері.
1. Біз әке-шешемізге ұқсайтын адамдарға жиі ғашық боламыз. Және әке-шешемізбен кішкентай кезімізде шеше алмаған мәселелерді өскен кезде шешуге тырысамыз.
2. Кембридж университетінің зерттеуі бойынша, «әріптердің қандай тәртіпте орналасатыны маңызды емес, бастысы бастапқы және соңғы әрпі болуы тиіс» екендігі дәлелденді.
3. Тіпті қуаныш сыйлайтын мектепті бітіру, отбасын құру, жаңа жұмысқа орналасу сынды ерекше оқиғалар адамды күйзеліске әкеліп соқтыруы мүмкін.
4. Психологияда принцип бар: адам бір оқиғаны қаншалықты күтсе, дәл сондай дәрежеде көңілі қалып қалуы мүмкін. Көпті күтсең, аз аласың. Азды күтсең, көп аласың. Бұл – тексерілген және еш өзгермейтін принцип.
5. Көп адам жаңа ортаға тап болған кезде басын оң жаққа бұрады. Сондықтан ұзақ кезекке тап болсаңыз, сол жақтағы адамдарға барып қосылыңыз.
6. Жан жарыңызға сыйлық сатып алдым деп, артынша оның не екенін тауып көруге мүмкіндік беріңіз. Ол өзі қалайтын заттарын тізіп шығады.
7. Ауызекі тілдегі іш өту сөзінің ғылыми атауы – копролалия.
8. Адам ұйықтап жатып қатты мұздаса, қорқынышты түстер көруі мүмкін.
9. Мамандардың бақылауынша, көк көзді адамдар небары бірнеше минуттың ішінде ғашық болуы мүмкін. Ал қоңыр көзді адамдар бір уақытта екі адамды жақсы көруі ғажап емес. Жасыл көзді жандардың жағдайы мүлдем өзгеше. Олар ғашық болу үшін бір жылға жуық уақыт кетуі де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |