Адам мінезі туралы деректер Сіз бір сәтке болсын айналаңыздағы адамдардың мінез-құлқы туралы ойланып көрдіңіз бе? Қоршаған орта факторлары адам мінезіне тікелей әсер етеді. Олардың сырына үңілу арқылы жеңіл өмір сүруге дағдылануға болады.
♦ Ағзасында тесторен деңгейі көп адам өзгелерді ашуландыру арқылы ләззат алады.
♦ Өзіне сенімсіз адамдар өзгелердің дәрежесін түсіріп, оларды балағаттау арқылы бұл мінездерінен арылғысы келеді. Мысалы, IQ тестін нашар тапсырғандықтарын естіген студенттер ұлттық және діни қақтығыстар мен таңдаулары туралы көп айтатын жандар болып шыққан.
♦ Адамдар психолог мамандардың "Төмен дәрежелі адамдар ғана өзгелер туралы жаман пікір мен өсек сөз айтады" деген пікірімен келіспейді. Шындығында олар өзгелердің дәрежесін түсіріп, ұялту арқылы өздерін жоғарылатқысы келеді.
♦ Адамдардың мінезіне дененің ауырлықты сезінуі әсер етеді. Мұнымен қатар, маңыздылықтың, ауырлықтың және салмақтылықтың өзара айырмашылықтары бар. Мысалы, жаңадан жұмысқа тұрушы түйіндемесін ауыр папкіге салып берген кезде салмақты жан болып көрінеді. Яғни папканың салмағы белгілі бір рөл атқарып тұр.
♦ Табандылық пен қатыгездік адамды иілгіштік қасиетінен айырады. Ағаш немесе темір орындықта отыратын адамдар келіссөз кезінде ұсыныстан бас тартуға бейім келеді. Суық жалғыздықты, кедір-бұдырлық қиындықты меңзейді.
♦ Адамдар өтінішті бетпе-бет келіп сұраған кезде одан бас тартпайды.
♦ Өтірік айту үлкен еңбекті талап етеді. Себебі, адамдар бір уақытта құрастырып жатқан өтірігі мен айтып қоймас үшін шындығын жасыруларына туралы келеді. Нәтижесінде өте қысқа сөйлемдерді пайдаланып, қобалжи бастайды.
♦ Адамдар біреу бақылап тұрған кезде өздерін жақсы жағынан ғана көрсетуге тырысады. Мысалы, келушілер ыдыстарын жинап кетуі үшін асханаға көздің суретін іліп қою жеткілікті.
ІІІ - дәріс. Сезіну, қабылдау, елестету және қиялдау. Жоспар: Сезінудің анықтамасы, оның қалыптасуының механизмдері және сезіну түрлері.
Қабылдаудың негізгі сипаттамасы, уақытты қабылдау механизмдері (биологиялық ритмдер).
Елестету және қиялдаудың жекеліктері.
Сезіну — материалдық дүниедегі белтілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін психикалықүрдіс. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белтілейміз; сипап-сезіну аркылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозгап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Сезіну хабарлайды. Сезіну материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен касиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп. миымызда бейнеленуі. Сезіну - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болын жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сезіну таным үрдістеріне жатады, өйткені адам соның арқасында дүниені таниды. Сезіну басқа психикалық үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Сезінудің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке'талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар - сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізге сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипап-сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарыньщ қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлар) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шелдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын козғалыс (немесе кинестетикалык) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының реиепторлары (проприоцепторлар) Бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.