Жоққа шығару. Мүндай психологиялық қорғаныстың мәні; адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат-еленбейді, қабылданбайды. Бүл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай объективті бағалауды шектейді, осыдан әрекет қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.
Ығыстыру - ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең эмбебеп әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз сеп түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары.
Көшіру- адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық істей түра, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.
ХІV - дәріс.
Медициналық сұхбат, ұғымы және құрлымы
Жоспар:
Медициналық сұхбат
Сұхбаттасудың функциялары
Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері
Медициналық сұхбат – тұлғаның психологиялық қасиеті және белгілері,дерттің ішкі бейнесі мен науқастың мәселелері туралы ақпарат жинау және науқаспен жанасу негізінде оған психологиялық ірекет жасау әдісі.Мақсаты:
1.Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерңн біліп,бағалау.
2.Психологиялық ерекшеліктерінің сапасын анықтау, олардың күшін,ауырдлығын жіктеу.
3.Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық белгілерге жатқызу.
Сонымен қатар ,сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібінің,жүріс-тұрысының ішкі себептерін ,ықпалдарын айқындау жатады.Медициналық қызметкердің науқасқа психологиялық жәрдем беруіне де негізделеді.
Медициналық интервьюдің мағынасы,қарапайым сұрастырудан өзгеше болады,себебі ол науқастың шағымдарын белсенді түрде анықтаумен қатар, адам қылықтарының ,өзін-өзі ұстауының жасырын мотивтерін іздестіруге және науқасқа жәрдем беруге бағытталады.
Медициналық сұхбаттасу – клиникаға салыстырмалы жақында келген термин. Ол бұрын байланыстың әлеуметтік психологиясында қолданылды, одан кейін клиникалық психологияға ауысты. «Коммуникативті дағдылар» пәні шеңберінде ол дәрігердің науқаспен диалогы ретінде анықталады. Бұл термин дәрігердің науқаспен сұхбатты құрудағы жалпы тәсілдерінің оқытылуы жоспарында сәтті ұсынылады. Пропедевтикалық клиникада студенттер «науқастан сұрау» деп аталатын тарауды түбегейлі меңгереді. Бұл сұраудың құрылымына пациенттің шағымдарын нақтылауды, сырқат және өмір анамнездерін жинақтауды қосылады. Сұрау – науқасты тексерудегі ерекше жауапты бөлім болып табылады. Сондықтан да сұрау жүргізу барысында коммуникативті дағдыларды білу аса маңызды.Дәрігерлердің мамандығына, симпатиясына, құмарлықтарына тәуелсіз қолданатын тәсілі – ол өзін науқасқа көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |