9. Кәсіби « имимдж» не береді?
Кез-келген,тіпті ең бір күтпеген,қауіпті жағдайларда да,дәрігер қатты қобалжып,қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да,онысын науқасқа көрсетпеуі тиіс.
Дәрігердің сенімді болуы:
науқаста дәрігердің біліктілігі жөнінде трапевтік иллюзия қалыптастырылады.
дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап болашақты болжай алуы,науқастың «жағдайдың соңы жақсы болады» деген сенімін туғызады.
науқастың сенімін арттырып,үмітін оятады.
10. «Кәсіби имидж» мынандай сөздік емес компоненттерден тұрады:
қарым-қатынасқа түсуге деген дайын,ашық дененің қалпы;
сенімділікті,ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар;
эмоционалды жақындықты білдіретін ара қашықтық;
дәрігердің сыртқы келбеті, оның сөйлеу мәнері:сенім уялататын,сабырлы,бірқалыпты дауыс ырғағы.
Мұның бәрі дәрігердің кәсіби біліктілігіне деген науқастың сенім білдіруін арттырады.
Медицина қызметкерінің тағы да бір кәсіби маңызды жоғары қасиеті,бұл кәсіби іс-әрекет барысында қалыптасатын коммуникативті толеранттылық болып табылады.
11. Коммуникативтік толеранттылық дегеніміз не?
Коммуникативтік толеранттылық коммуникативті біліктіліктің маңызды бір құрамдас бөлігі және ол шыдамдылық,төзімділік дегенді білдіреді.
Коммуникативтік толеранттылық дәрігердің науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін,мінез-құлқындағы қабылдануы қиын жеке ерекшеліктерін, ойлау стереотиптерін, тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдайтынын анықтайды.
Шын мәнісінде науқас түрлі ойлар мен сезімдер туғызуы мүмкін. Ол дәрігерге ұнамауы, жағымды немесе жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен, дәрігердің кәсіби дайындығы науқасқа субъективті қарым-қатынас жасамауға, олардың кейбірімен психологиялық жақындықта, достық қатынаста, ал екіншілерімен конфликт жағдайын болдырмауға көмектесіп, тек «дәрігер – науқас» қарым-қатынасын ұстануға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |