Эвтаназияны қылмыстық аумақтан шығару(декриминализация) дегеніміз не?
Нидерландыда ерікті эвтаназия қылмыстық аумақтан шығарылған, бұл дүние жүзіндегі «қайырымдылықпен өлтіруге» рұқсат берген бірінші ел. Жаңа заң бойынша эвтаназия созылмалы, адам төзгісіз және жазылмас қайғы шегіп жатқан пациенттерге ғана қолданылуы тиіс.
Қойылатын басқада талаптар:
- Тәуелсіз дәрігердің екінші пікірінің болуы;
- Пациенттің ақыл-ойы дұрыс деп куәландырылу керек;
- Өлім туралы талап ерікті, тәуелсіз және табанды түрде жасалуы қажет.
ХХХI - практикалық сабақ
Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
Жоспары:
1. Қазіргі заманғы дәрігерде қандай психологиялық талаптар болуы қажет?
2. Психологиялық сипаттама ретіндегі аффиляция дәрігерге неліктен қажет?
3. Жемісті коммуникативтік өзара қарым-қатынас жасаудың тағы да бір алғы шарттары бар ма?
4. Жемісті коммуникация үшін басқа қандай психология қасиеттер қажет?
5. Науқастармен жұмыс жасауда эмпатия не нәрсеге мүмкіндік береді?
6. Эмпатиялық жауаптардың қандай типтері бар?
7. Коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру үшін басқа қандай психологиялық қасиеттер қасиеттер маңызды?
8. Кәсіби іс-әрекет барысында дәрігерде қандай кәсіби қасиеттер дамиды?
9. Кәсіби « имимдж» не береді?
10. «Кәсіби имидж» қандай сөздік емес компоненттерден тұрады?
11. Коммуникативтік толеранттылық дегеніміз не?
Қазіргі заманғы дәрігерде қандай психологиялық талаптар болуы қажет?
Коммуникативтік біліктілік астарында тұлғаның психологиялық сипаттамасы жатыр,бұл арқылы адам белгілі-бір әлеуметтік топқа кіреді,қоршаған ортамен эмоционалды қарым-қатынасқа түсіп,басқа адамдармен бірге бола алады.
Бұл психологиялық қасиет «аффиляция» деп аталады,яғни басқа адамдармен бірге болуға, «қосылуға» ұмтылу қажеттілігі.
Іштей аффиляция бауыр басу,адалдық сияқты сезімдер арқылы көрініс тапса,сырттай-ашықтық,басқа адамдармен үнемі бірге болу,қызметтес болу сияқты іс-әрекеттер арқылы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |