«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу



бет35/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Күйзеліс туралы ілім. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу.
Эмоциялық-жігер саласының бұзылуы.
Жоспары:

  1. Г.Селье күйзелісі туралы ілім.

  2. Күйзелістік жағдай сипаттамасы, қызметтері.

  3. Күйзеліспен күрес әдістемесі: аутогендік жаттығу, бұлшық ет релаксациясы, медитация, тыныс алу гимнастикасы.

  4. Күйзелістік жағдайлардың алдын алу мақсатында (арттерапия, музыкотерапия, би терапиясы, аромотерапия) заманауи бағыттары қолдану.

Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да бір жағымсыздыққа негізгі реакциясы ретінде анықтауға болады. «Стресс» термині біздің күнделікті тіл оралымымыздағы үйреншікті сөзге айналып кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары қауіпте пайда болатын өз мінез-құлқымыздағы өзгерістер мен сезімдердің және толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.
Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға алынған бекініспен салыстыруға болады. Оны қорғауға барлық күш-жігер жұмсалған, алайда мұның да шегі бар. Әлде жау жеңіледі және қоршау алып тасталады, әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі бақи қорғана алмайды. Дәл осы жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.
Бұл ең алдымен жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің дерттері (жүректің ишемиялық кеселі, инфаркттар, гипертония, демікпе). Кеселдің келесі санатын көбіне-көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Бұл әрқашан дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі өмір салтын ұстанатын адамдар жапа шегетін қарын мен ұлтабар, гастриттер жөнінде болып отыр. Стресс ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу үдерісінің бұзылыстары жатқызылады.
Күйзелісті жеңудің әр қилы стратегиялары бар. Олардың бірі – эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол – қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.
Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сяиқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.
Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз.
Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.
Күйзелістен емделудің екі жолы бар: күйзеліске қарсы дәрі-дәрмектер пайдалану және психотерапия. Тек, бұл тәсілдерді адам өздігінен емес, арнайы орталықтарға барып, мамандардың кеңесімен жүргізеді. Белгілі бір уақыт бойы жүргізілген психотерапия айығуға тиімді.
Негізі немқұрайлылық пен бейқамдықты көтермейтін нарық заманында депрессия әкелетін себептер көп. Әлеуметтік мәселе, қаражаттың жетімсіздігі, адамдар қарым-қатынасындағы келеңсіздік… тағы тағылар. Бірақ адамдар өзінің психикалық ауруға шалдыққанын аңдамайды немесе мойындағысы келмегендіктен де мамандар мен арнайы орталықтардың көмегіне жүгінбейді.
Кішігірім күйзелісті асқындырмай, депрессияның алдын алу үшін төмендегі қарапайым қағидаларды есте ұстаған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет