«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет32/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

1.3 Ерік сапаларын талдау
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар:
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық,т.б.), екіншіден, адамгершілікке сиымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.
А. Тоқтамға келгіштік
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып – аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық – тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісін аздыкөпті кемшіліктерін көре білуі оның ақыл –ой парасатымен байланысып жатады. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды көбінесе орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады.
В. Табандылық
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай- талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен тістеп сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету жолын бір табан жақындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да өсірген.Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, машина жүргізуді де үйренген.Совхозда бухалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүре біржағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігін, табандылығының арқасындаөмір қызығын татып отырған қарапайым еңбек адамының ерлік ісі тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғандай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, ол қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-тәнімен сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі тандамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:

  1. Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;

  2. Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;

  3. Баланы коллективтегі ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау-табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет