Мінез-құлықтық ұстаным тұрғысынан алғанда көшбасшылардың қандай типтері бар?
Ең кең тараған көшбасшылықтың мінез-құлыққа бағытталған типологиясы Левин, Липпитт және Уайтт атты авторлар меншігінде. Олар ұсынған модельдің мәні- қол астындағылардың іс-әрекетіне байланысты шешімді кім қабылдайтынын анықтау. Осыған байланысты ғалымдар көшбасшылықтың авторитарлық, демократиялық және либералдық стильдерін анықтайды. Авторитарлық көшбасшы барлық шешімді өзі қабылдайды және орындатады. Онымен салыстырғанда демократиялық көшбасшы топ мүшелерінің барлық шешімдерді қабылдауға қатысуларына түрткі болады және көмектеседі. Либералдық көшбасшы сырттай бақылаушы позициясында болады және шешім қабылдауға, тек қана әдейі сұрамаса қатыспайды. Мінез-құлықтық бағытта жүргізілген зерттеуді қортындылай келе, тиімді көшбасшылық кілті-қандай жолмен керемет көшбасшы болуға үйрету деген идея тиімді көшбасшылықты тез қамтамасыз ететін құрал ізденушілерге ұнамды көрінуі мүмкін. Соған қарамастан керемет көшбасшы ұғымын тым қарапайым деп түсіну, басқа бағыттардың пайда болуына алып келеді, соның бірі- ықтималды ұстаным.
Көшбасшылық феноменді зертеудегі ықтималды ұстанымның ерекшелігі неде?
Бірінші танымал болған көшбасшылықтың ықтималды теориясын Фидлер жазған, ол көшбасшылылар мен оларды күтіп тұрған сәттілік арасындағы байланысты анықтайтын схеманы ұсынған.
Жағдайлық бақылау, әдетте, мына нәрселерге байланысты болады:
Көшбасшының топ мүшелерімен қарым-қатынасы;
Міндеттер құрылымы ;
Көшбасшының құзыреттілігі;
Жақсы қарым-қатынас пен нақты құрылымы бар міндет және үлкен билік мүмкіншіліктері, көшбасшы үшін жағымды жағдай туғызады, ал жаман қарым-қатынас, әрі міндеттердің нақты құрылымынданбауы мен биліктің жеткіліксіз болуы, біршама жағымсыз жағдай туғызады.
Вроом мен Йеттон теориялары көшбасшылықтың қандай аспектілерін қарастырады?
Вроом мен Йеттон белгілі жағдайларда қолданатын нақты көшбасшылық әрекеттерді ұсынатын көшбасшының шешім қабылдайтынүлгісін ұсынатын көшбасшының шешім қабылдайтын үлгісін ұсынған, бұл үлгі ықтималды ұстанымды қолданады, өйткені барлық жағдайларда болатын бірде-бір әдіс, барлығын жоққа шығарады, сонымен қатар нормативтік үлгі болып та табылады,себебі көшбасшылар осындай жағдайда не істеу керектігін көрсетеді.
ХVІI - дәріс.
Достарыңызбен бөлісу: |