«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Психодинамикалық бағыт (психоанализ)



бет218/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

1.Психодинамикалық бағыт (психоанализ). Бұл бағыттың басты міндеті санасыз тенденциялар мен импульстерді анықтау және саналылық деңгейге көтеру.
2.Мінез – құлықтық психотерапия. Индивидтің кең мағынадағы мінез-құлығымен жұмыс істеуге бағытталған. Кеңесшінің көмегімен, клиент өзінің кикілжіңдер кезіндегі конструктивті емес мінез-құлқының себебі болып табылатын өз ойларын ауыстырады.
3.Гуманистік бағыт. Психотерапия кезінде клиентке «зат ретінде» қарауға және қысым жасауға қарсы шығады. Оның негізгі қағидалары «осында және қазір» басынан кешіп отырған сезімдерге шоғырландыру, сонымен қатар адамды өзінің жан-дүниесін зерттеуге ұмтылдыру болып табылады.
Әрбір дәрігер, мейірбике немесе басқа бір медицина қызметкері өз жұмыс орнындағы өзінің борыштарын біле отыра, тек науқастармен ғана емес, өзара жақсы қарым−қатынаста болуы, бір−бірлерін құрмет етіп, сыйлауы керек. Әсіресе бір медициналық орталықта жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер өзара одақтас болуы керек. Егер медцина қызметкерлері бір−бірлерін құрметтемесе, түсінуге тырыспаса олар арасында өзара келіспеушіліктер шығуы мүмкін.
Медициналық ұжым арасында дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен мейірбике,мейірбике мен мейірбикелер арасында қақтығыстар болуы мүмкін. Бұл қақтығыстардың себептеріне тоқталатын болсақ, олар көбінесе жастық ерекшелігінен өздерінен кіші болып, бірақ лауазымы, білімі жағынан өздерінен жоғары болатындардың бір бірлеріне онша бағынғысы келмейтіндіктен, немесе өздерінікін дұрыс санап, өзінің жасынан үлкен немесе білімі жоғары болғандың сөзіне құлақ асқысы келмегендіктен, өзіне деген сенімділігі артық болғаннан болуы мүмкін.Кейбір жағдайларда, мейірбикелердің сауатсыздығынан, білім дәрежесі төмен болғанынан, олардың өз жұмыстарына жауапкершілігі төмен бөлып, таза жұмыс істемегндіктерінен олардың дәрігермен араларында қақтығысулар шығуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет