Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті. Шиеленістің алдын алу. Шиеленісті шешу жолдары.
Конфликт латын тілінен аударылғанда кезде қақтығыс деген мағынаны білдіреді. Бұл оппоненттердің немесе субъектілердің ара қатынасындағы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың қызығушылықтардың, позициялардың ойлардың немесе көзқарастарының қақтығысуы. Кез-келген конфликтінің негізінде қандай да бірсылтаудағы қарама-қарсы бағыты бар жағдай жатыр немесе мақсаттарымен тілектерінің және қызығушылықтарының сәйкес келмеуі. Конфликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт-жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.