Мінез-құлықтық ұстаным тұрғысынан алғанда көшбасшылардың қандай типтері бар? Ең кең тараған көшбасшылықтың мінез-құлыққа бағытталған типологиясы Левин, Липпитт және Уайтт атты авторлар меншігінде. Олар ұсынған модельдің мәні- қол астындағылардың іс-әрекетіне байланысты шешімді кім қабылдайтынын анықтау. Осыған байланысты ғалымдар көшбасшылықтың авторитарлық, демократиялық және либералдық стильдерін анықтайды. Авторитарлық көшбасшы барлық шешімді өзі қабылдайды және орындатады. Онымен салыстырғанда демократиялық көшбасшы топ мүшелерінің барлық шешімдерді қабылдауға қатысуларына түрткі болады және көмектеседі. Либералдық көшбасшы сырттай бақылаушы позициясында болады және шешім қабылдауға, тек қана әдейі сұрамаса қатыспайды. Мінез-құлықтық бағытта жүргізілген зерттеуді қортындылай келе, тиімді көшбасшылық кілті-қандай жолмен керемет көшбасшы болуға үйрету деген идея тиімді көшбасшылықты тез қамтамасыз ететін құрал ізденушілерге ұнамды көрінуі мүмкін. Соған қарамастан керемет көшбасшы ұғымын тым қарапайым деп түсіну, басқа бағыттардың пайда болуына алып келеді, соның бірі- ықтималды ұстаным.