«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет151/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

XV - практикалық сабақ
Адам қабілеттерінің жалпы сипаттамасы.
1. Қабілет туралы жалпы ұғым.
2.Қабілеттің сипаттамасы. Қабілеттің түрлері.
3.Қабілеттің нышаны.
4.Қабілеттің дамуындағы әлеуметтік және тума қасиеттері.
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз.
Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-эрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тэсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және өнерде, ғылымда бүрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық -даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен: Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.
Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бүл адамның ақыл-ой қабілеті.Арнаулы қабілет - іс-эрекеттің, мэселен, эдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нэтижеге жетуге жэрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-эрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бүған конструктивті-техникалық, үйымдастыргыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет