ХХІ - дәріс.
Тілдік және мәдени ерекшеліктері бар науқастармен қарым-қатынас жасау.
Жоспары:
Медициналық қызметкердің өзіндік мәдениет, логика және стиль, тілі бар науқастармен қарым-қатынас жасауы: әлеуметтік, саяси, діни, кәсіби айырмашылықтар.
Мәдениет аралық коммуникация дағдылары, олар дәрігерге не үшін қажет?
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады екен. Басты ұлттық топ – қазақтардан басқа, елімізде орыстар, украиндер, татарлар, ұйғырлар, кәрістер, түріктер, немістер, курдтар және басқа да ұлттар қоныстанған.
Қазақстанның экономикалық өсуіне байланысты, Республикамызға шет елден жұмысшылар көптеп келуде.
Науқастардың ерекшеліктері көптеген медициналық параметрлерді анықтайтыны белгілі. Бұл бөлімде мәдениет арасындағы қарым-қатынас жасаудың қарапайым дағдылары жөнінде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |