Есту, көру, сөйлеу, зерде бұзылысы бар емделушілермен қарым-қатынас.
1.Сезім мүшелері ақауы бар науқастармен арақатынас құру ерекшеліктері.
2.Тұтығатын науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
3. Соқыр науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
4. Саңырау науқастармен арақатынас жасау ерекшеліктері.
Тұтығу –кемістіктің өзгеше бір түрі, оның айтарлықтай психологиялық әсері болуы салдарынан тұлғаның мінез-құлқын өзгертіп, жалпы дамуына бөгет жасайды. Тұтығудың пайда болуынан тұлғааралық қарым-қатынас өзгереді. Жиі кездесетін клиникалық белгісіне –сөзден (сөйлесуден) қорқуы жатады (логофобия). Бұған байланысты адам өмірінің коммуникативтік үрдістерінің бұзылуы, тұйық мінезді болуы және қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасаудан бас тартуы байқалады.
Бұндай науқас адамдармен қарым-қатынас жасағанда, медициналық қызметкерде көптеген қиыншылықтар туады. Медициналық қызметкер ерекше шыдамдылық көрсетіп, оларға сенімділік арттырып, толық асықпай тыңдауға түсінуге даярлығын білдіруі керек. Медициналық қызметкер олардың вербальды емес коммуникацияларына ( жесттер, мимика, дене қалпы, қол қимылы, т.б) көп назар аударуы қажет.