2. Психологиялық сипаттама ретіндегі аффиляция дәрігерге неліктен қажет?
Ұзақтылығымен,қарым-қатынасқа түсетін адамдардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін дәрігер жұмысына аффиляция:
- науқастарға қызығушылықпен қарауға көмектеседі;
-оларға көмектесуге ұмтылдырады;
-кәсібі деформациядан,немқұрайлық пен ресмиліктен құрайды;
-науқасқа жеке «дене» деп қараудан сақтайды;
3. Жемісті коммуникативтік өзара қарым-қатынас жасаудың тағы да бір алғы шарттары бар ма?
Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін қамтамасыз ететін келесі бір психологиялық қасиет-бұл эмоционалды тұрақтылық болып табылады.Эмоционалды тұрақтылық дәрігерге «психологиялық стресстен»,науқастармен қақтығысып қалудан қорғайды.Дәрігердің эмоционалды іс-әрекеттері,науқастың оған деген сенімін жоғалтып қана қоймай,оларды шаршатады,күдік туғызып,тіпті қорқытады. Керісінше,дәрігердің бірқалыптылығы мен эмоционалды тұрақтылығы,сабырлылығы науқасқа сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |