«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет255/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Тіл, Ойлау және сөйлеу
Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс. 
Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш. Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:
1. сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;
2. сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;
3. пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді
4. ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.
Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар». 
Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет