6. Коммуникация дағдыларына үйрену үшін қандай тәсілдерді қолдануға болады? Коммуникативтік дағдыларды жақсарту үшін науқастар мен олардың туыстарының және ұжымдастарының тарапынан берілетін кері байланыс пен олардың өзіндік бағалауы негізгі құрал болып табылады. Kurtz және т.б. (1988 ж.) байқағандай, «кез-келген дағдыны үйренуге өзіндік бақылау, өзіңді-өзің көре алу қабілеті көа көмектеседі». Өзіндік бақылаудың көптеген қол жетімді стратегиялары бар. Төменде коммуникативтік біліктілікті дамытуға көмектесетін өзіндік бақылаудың негізгі әдістері берілген.