Мейіргерлік үрдіс. Мейіргерлік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі



бет12/23
Дата13.05.2022
өлшемі4,49 Mb.
#142967
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
медбикелік үрдіс умк

Бөлу қажеттілігі.Ағзаның өмір сүру өнңмдері несеп, нәжіспен сыртқа шығарылады. Зәр және нәжіс бөлу жеке (индивидуалды) үрдістер. Медбике құпиялылық сақтап , науқасты оңаша қалуына жағдай жасауы қажет.
Қажеттілік қанағаттануы бұзылуының белгілері: іш өту (диарея), іш қату(обстипация)диурездің төмендеуі , несеп бөліну кезінде ауырсыну т.б Қауіп факторлары:диета бұзылулары ;қимыл –әрекеттердің шектелуі; аз қозғалу; сұйықтықтарды жеткіліксіз қабылдау.
Ұйықтау және демалу- ағзаның қалыпты өмір сүруі , алған зиян әсерлерді жою үшін қажет. Ұйқының жеткіліксіз болуы шаршағыштыққа, психологиялық мәселелердің пайда болуына, ми қоректенуінің нашарлауына алып келеді. Әсіресе бұл науқас үшін маңызды.Медбике бұл қажеттілікті ұанағаттандыру үшін барлық жағдай жасау керек. Қажеттілік қанағаттануы бұзылуының белгілері: ұйқының бұзылулары, ұйқысыздық, есінеу, ашуланшақтық.
Медбикенің көмегі:науқастың әжетханаға жетуіне көмектесу;дәрет ыдысы және зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету.
Қауіп факторлары:шу, жарық, күн тәртібінің бұзылулары ;жылу тәртібінің бұзылуы;қолайсыз төсек;ауырсыну сезімдері т.б.
Медбикенің көмегі:ұйқтау үшін жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету; ұйқы бұзылуларының себебін анықтау.
Қозғалу қажеттілігі.Қимыл әрекеттердің шектелуі жамылғысы жағынан әр түрлі мәселелерге (ойылу)тірек –қимыл жүйесі , жүрек –қан тамыр, тыныс алу т.б жүйелер қызметінің бұзылуларына алып келеді.Сонымен қатар бұл қажеттілік бұзылғанда науқастың қоршаған ортамен қарым- қатынасы, өзіндік күтім жасау қабілеті бұзылады.
Қажеттілік қанағаттануы бұзылуының белгілері:әлсіздік, аяқ -қолдарының болмауы, параличтердің (салдану)болуы сана психика бұзылуы салдарынан қимыл –әрекеттердің мүмкін болмауы немесе шектелуі.
Қауіп факторлары: гиподинамия –аз қозғалу.
Медбикенің көмегі:қозғалу кезінде науқасқа көмек беру;қосымша құрылғылармен заттармен қамтамасыз ету;төсекте активті және пассивті жаттығуларды үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет