3 кезең. Көмек көрсетуді жоспарлау. Тілдесу әдістерінің бұзылуына байланысты науқастың приоритеттік проблемалары бойынша (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) мақсатты бағдарлама.
Кейбір мақсаттар үлгісі:
Ұзақ мерзімді: ауруханадан шығар кезде науқастың ұйқысы дұрыс болады;
Қысқа мерзімді: науқастың тілдесу қабілеті жақсарады.
Мейірбикелік араласуы жайында жоспар жасаңыз.
Жоспарлау үлгісі:
Мейірбике науқастың тілдесу қабілеті бұзылғандығы жайында хабарлайды;
Денсаулығына алаңдаушылығын кеміту үшін мейірбике оған нақты ақпараттар береді;
Мейірбике науқас белсенділігінің тәртібін сақтауы үшін бақылау қояды. Мейірбике рухани тілдесу жағдайын жақсартуға барлық мүмкіндіктерді жасайды. Ол үшін бөлмеде тыныштық орнатылады. Науқастың туыстары келер алдында бөлме іші желдетіледі;
Мейірбике науқас пен оның туыстарына стрестік жағдай кезінде одан қалай шығу, жағдайды өзгеру жайында кеңес (ұсыныс) береді. Тиімді тілдесудің жолдарын үйретіп, тілдесу барысында науқастың потенциалдық мүмкіндігін анықтайды.