Науқастың тілдесу қабілетін қанағаттандыру
жағдайының бұзылуына байланысты проблемалары.
Науқастың проблемасы: қоршаған ортамен тілдесуге ынтасы жоқтығы.
1 кезең. Жағдайға баға беру.
Жағдайға баға беру үшін мейірбикеге мыналар қажет:
Не керек екендігін білу:
Тілдесу қажеттілігінің бұзылуы медицина қызметкерлерімен, туыс- тарымен, бөлмедегі көршілерімен сөйлескісі келмеуден, немесе радио тыңдауға, кітап оқуға құлқысының жоқтығынан болуы мүмкін.
Сөйлесу қажеттілігін (потребность) қанағаттандыра отырып, оны жеңеді. Өйткені, ол қоғамның мүшесі және дұрыс өмір сүру үшін тілдесу өте керек. Ондай тілдесулер рухани және физикалық болып бөлінеді.
Рухани тілдесуге вербальды және вербальды емес тілдесулер, кітап оқып, музыка тыңдау, теледидар көру, сондай-ақ дін жатады. Физикалық тілдесуге жыныс қатынасы жатады.
Науқасты тексере отырып, мейірбике оның тілдесу қажеттілігіне кері әсер ететін факторларды білуі керек. Олар:
Жасы;
Көзінің көруі, есту қабілеті, сөйлеу кемістігі;
Күні бойы демалмауы;
Жалғыздық;
От басындағы кикілжіңі;
Ауаның қапырығы;
Дәрігерлік көмектің дер кезінде көрсетілмеуі, оның сапасының нашарлығы;
Музыканың қатты шығуы;
Қорыққан жағдайы;
Кәсібі, кірісі;
Компьютерді пайдалануы және тағы басқалар.
Науқас, өзін қоршаған адамдармен немесе туыстарымен кездесуге, сөйлесуге құлықты емес екендігін немесе құлқы бар екендігін айтады. Мүмкін ол тыныштықта, жалғыз отырғысы келер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |