Сабақтың тақырыбы: Сейдахмет Бердіқұлов «Желаяқ»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: С. Бердіқұловтың «Желаяқ» мәтінінің мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, «Желаяқ бала» атанған Ғұсман Қосановтың өмірінен қысқаша мағлұмат беру. Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға үйрету.
Дамытушылық: сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп, түсініп оқуға, мазмұнын айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелілік: сымбаттылыққа, ептілікке, ұлы спортшыларды дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясы:сын тұрғысынан жазу және ойлау
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой толғау, ой қорыту, мәтінмен, дәптер-
мен, шығармашылық жұмыстар.